Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайған — ҚР ДСМ

Сейсенбі, 21 Шілде 2020, 11:04:18

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елімізде қабылданып жатқан эпидемияға қарсы шаралар және Мемлекет басшысының биыл 18 шілдеде өткен кеңесте берген тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Коронавирус инфекциясымен күресу бойынша елдегі ағымдағы ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады. 

Министр хабарлағандай, соңғы аптада COVID-19-пен ауыру және одан өлім-жітім санының тұрақтану беталысы байқалады. Ауруға шалдығу деңгейі тәулігіне 1500-1600 адам деңгейінде.

«Ағымдағы айдың үш аптасында жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мың инфекциялық және провизорлық төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Төсек-орын қорының өсуі 19,3 мың бірлікті құрады. Оның ішінде қосымша 5,3 мың инфекциялық төсек-орын қарастырылды. Осының арқасында мұқтаж пациенттерге медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артты», — деді А. Цой.

Провизорлық стационарларда қосымша ашылған 14 мың төсек-орын есебінен қамтудың қиын деңгейінен (89%) 20%-ға төмендеп, 69% құрады. Қазіргі таңда реанимациялық төсек-орынның бос болмауы 67% құрайды. Карантин енгізілгенге дейін бұл көрсеткіш 91% құраған еді. 

Денсаулық сақтау министрі нақтылағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, қазіргі кезде COVID-19 және пневмонимен ауырған пациенттерді емдеу үшін қажетті стационарлық төсек-орындар саны жеткілікті. 

Амбулаторлық деңгейде үйде медициналық көмек көрсету үшін 2962 БМСК мобилді бригадасы құрылды. Ағымдағы айдың соңына дейін мұндай бригадалар саны 3 500-ге дейін жеткізілетін болады.

Емханалардағы Call-орталықтардың саны 16%-ға артты, олардың жұмысына білікті дәрігер-кеңесшілер, фельдшерлер және медициналық жоғары оқу орындарының студенттері тартылған.

«Бүгінгі күні инфекциялық және провизорлық стационарларда 1 958 ӨЖЖ аппараты бар, әкімдіктермен бірлесіп қосымша 4 183 аппарат сатып алынады (оның ішінде 3105 отандық тауар өндірушіден), сондай-ақ 21 мыңнан астам төсек-орын оттегіге қосылады, оның ішінде 17 762 төсек-орын оттегі концентраторларымен, 6237-сі - демеушілердің есебінен оттегіге қосылады», — деді А. Цой.

Тәулігіне 32 мың тест өткізу қуаты бар 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. Бір рет пайдаланылатын медициналық үш қабатты масканың шекті бөлшек бағасы 28%-ға төмендетілді. Бірінші желі қызметкерлерінің (медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері) тамыз айын қоса алғанда жеке қорғаныш құралдарының резерві қалыптастырылды. Үкімет резервінен осы мақсаттарға 7,2 млрд теңге бөлінді.

«Олардың аясында 41 млн маска, 27 млн перчатка және 379 мың қорғаныш костюмдер, сондай-ақ 1,2 млн ПТР тестілер сатып алынады. Жеке қорғаныш құралдарының осындай резерві қыркүйектен бастап 2021 жылғы ақпанға дейін қалыптастырылады», — деді ведомство басшысы.

А. Цой атап өткендей, Мемлекет басшысы ауылдағы жағдайды жақсарту бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды. Коронавирус инфекциясына ПТР расталған және пневмониямен сырқаттанған пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін ауыл деңгейінде 2,5 мың инфекциялық және 11 мың провизорлық төсек-орын  қарастырылды.

«Амбулаторлық көмек көрсету үшін ауылда 1493 мобильді бригада құрылып, жұмыс істейді, бұл қажеттіліктің 94%-ын жабады. Ауылда 641 жедел медициналық жәрдем машинасы іске қосылды. Қосымша қажеттілік – 141 бірлік машина ағымдағы жылдың соңына дейін іске асырылатын қаржы лизингі келісімшарттары есебінен өтелетін болады», — деді А. Цой.

Сонымен қатар, аудандық ауруханалар үшін отандық тауар өндірушілерден 53 рентген аппараты сатып алынады. Қосымша 3-4 ай ішінде 100 ПМК жеткізу жоспарлануда, олар ауыл тұрғындарын кешенді тексеруден өткізу үшін барлық қажетті жабдықтармен толықтырылатын болады. 

Министр атап өткендей, жалпы қабылданған жедел шараларды ескере отырып, екі апта ішінде мынадай оң нәтижелерге қол жеткізілді:

●  COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді;

●   COVID-19-дан жазылғандар саны 60%-ға артты;

●   жедел жәрдем шақырулар саны 23%-ға азайды;

● провизорлық төсек-орындардың бос болмауы 20%-ға, реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 6%-ға төмендеді. 

Мемлекет басшысының  дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу бойынша шаралар қабылдау бойынша тапсырмасына қатысты. 

  • рәсімдері, сертификаттау және тіркеу, сондай-ақ рәсімдері біржолғы әкелу жеңілдетілді; 
  • арнайы жүк борттарын жеткізуді жеделдету есебінен дәрілік заттармен бөлшек саудада қанықтыру жүргізіледі; 
  • өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорлары құрылды;
  • амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету тізімін кеңейту жүргізілуде; 
  • дәрілік заттардың айлық қоры қалыптасады (ағымдағы жылдың 22 шілдесіне дейін медициналық ұйымдарға бір айлық қажеттілік мөлшерінде дәрілік заттар жөнелтілетін болады); 
  • «СҚ-Фармация» ЖШС базасында республикалық тұрақтандыру қоры құрылады.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы зертханалық зерттеулердің қуатын күніне 40 000 ПТР-тестілерге дейін жеткізуді тапсырды, демек 100 мың тұрғынға 215 тест қарастырылады деген сөз. Бүгінгі таңда тестілеудің нақты қуаты тәулігіне 32 мың зерттеуді құрайды. Қуат тапшылығы тәулігіне 8 мың зерттеуді құрайды. Мәселені  шешудің келесі жолдары әзірленді:

Бірінші. А.ж. 1 тамыздан бастап ветеринарлық қызметтің 67 маманын тарта отырып ветеринарлық қызметтің зертханаларын пайдалану – күніне 5 200 мың зерттеу (26 ПТР жабдығы). Осылайша, өңірлерде ПТР тестілеу тапшылығы Ауыл шаруашылығы министрлігінің зертханалары есебінен теңестірілетін болады.

Екінші. ПТР жабдығының 20 жиынтығын және жабдықталған 8 жылжымалы зертхананы, оның ішінде мобильді зертхананы сатып алу – 20,5 мың (тәулігіне 4,8 мың зерттеу) сатып алу. Жеткізудің болжамды мерзімі – а.ж. 30 тамыз

Үшінші. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында модульдік зертханалардың қуатын 8 мыңға ұлғайту

Осылайша, тестілеу қуаты жеткізіледі:

  • ағымдағы жылдың 1 тамызына қарай ҚР АШМ зертханаларын тарту есебінен тәулігіне 35,6 мыңға дейін; 
  • а. ж. 1 қыркүйекке қарай ДСМ және ЖАО зертханаларын  толық жарақтандыруды ескере отырып тәулігіне 64 мыңға дейін.

Сонымен қатар, жыл соңына дейінгі эпидемиологиялық жағдайдың болжамын және ПТР зертханалардың  қуатын ұлғайтуды ескере отырып, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу қажет: 

  • ПТР тестілеу бойынша қызметтерді төлеуге 42 млрд теңге; 
  • Зерттеулер жүргізуге тартылған ветеринарлық зертханалардың 67 маманына іссапар ақысын төлеуге 170 млн теңге.

Бұдан басқа, облыс әкімдері автокөлік бөлуді және ауылдық жерлерден зерттеу үшін материалдарды жеткізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қамтамасыз етуі қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік халыққа жоспарлы, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жаңғырту жөніндегі Жоспар жобасын әзірледі.

«Жоспар жобасы халыққа қызмет көрсетудің тар бейініне және медициналық ұйымдардың COVID-19-пен күресуге қатыстылық дәрежесіне байланысты жоспарлы медициналық көмекті жаңартудың 2 кезеңін көздейді. Стационарлардың төсек-орындары 50%-дан аз бос болса, тиісті залаласыздандырудан кейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бейінді және жоспарлы төсек-орындарды 50%-ға ашу жоспарлануда», — деп түйіндеді А. Цой.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өз кезегінде қатаң карантинді енгізу есебінен бүгін елордада жағдайдың тұрақтануы байқалып отырғанын атап өтті. Коронавирусты жұқтырғандардың саны 8 619 адамды құрайды. 5 511 адам емделді. 212 адам көз жұмған. 2 262 адам стационарларда ем алып жатыр. Ауыр халдегі науқастар саны 30%-ға төмендеді. Инфекциялық және провизорлық стационарлардың саны 3-тен 16 бірлікке дейін өсті. Төсек-орын саны 1 051-ден 3 911 орынға дейін ұлғайды. Резервте 1000-ға жуық орын бар.

«Егер карантин басында күніне 300 тест өткізілген бір ғана зертхана болса, бүгінгі күні күніне 5 мыңға дейін тест өткізу мүмкіндігімен 9 зертхана жұмыс істейді», — деді А. Көлгінов.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін 270 мыңнан астам ПТР-тест жүргізілді. Қосымша 300 оттегі концентраторы, 150 флуометр сатып алынды. Шілденің соңына дейін 500 арнайы жабдықталған кереует, 100 ӨЖЖ аппараты, 264 оттегі концентраторы, 350 флуометр, 3 оттегі резервуары, 100 мың жеке қорғаныс құралы, 2 компьютерлік томограф келіп түседі. Елорданың 17 медициналық мекемесінде рентген аппараттары мен компьютерлік томографтар жұмыс істейді. Маусым-шілде айларында  кеуде қуысына барлығы 20 мыңға жуық зерттеу жүргізілді.

«Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтандағы барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәулік бойы жұмыс істеуге көшірілді», — деді Алтай Көлгінов.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 4 453 құрағанын жеткізді. Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркелген. Осы кезеңде 2 770 азамат (62,1%) емделіп шықты, 31 азамат қайтыс болды. 

«Инфекциялық және провизорлық стационарларда қысқа мерзімде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып, орын саны 3 860-қа жеткізілді. Оның ішінде 650 - инфекциялық, 3 210 провизорлық - төсек-орын. Олардағы реанимациялық төсек орнының саны 30 орыннан 151 орынға дейін ұлғайтылды», — деді қала басшысы.

Шымкент қаласының емханалары үшін 58 ӨЖЖ аппараты, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық монитор алынды. 

Әкімнің хабарлауынша, реанимациялық орынның 88,7% немесе 134 ӨЖЖ аппаратымен қамтылған. 

«Оттегімен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3% дейін жеткізілді. Оттегімен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Қосымша 2 ауруханада оттегі станциясын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бір ай мерзімде тағы 3 ауруханада қосылатын болады», — деді М. Әйтенов. 

Шымкент қаласында бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету жұмыстары күшейтілген. Қосымша 58 мобилді бригада құрылып, 14 399 науқасқа үйге арналған стационарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге, мобилді бригада қызметі бойынша 38 556 азаматқа дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілді. 

Қала басшысының айтуынша, атқарылған жұмыстар қалада эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізген.

«Жедел жәрдем көмегін шақыртулар саны күніне 2 142-ден 1 571 дейін, яғни 26,6%-ға азайды. Стационарларда ем алушылар саны 2678 науқастан 1834-ге дейін немесе 31,5%-ға төмендеді. Стационарлардағы төсек-орынның жүктемесі 90,3%-дан 47,5%-ға дейін кеміді», — деп нақтылады М. Әйтенов. 

Қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталған. Сонымен қатар қалада 4 мониторингтік топ құрылып, 348 дәріханаға мониторинг жүргізілген. Соның нәтижесінде 50 заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқандар анықталып, 12 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары басталды. Ал карантин талаптарын сақтамағаны үшін 258 заң бұзушылық анықталып, талапты бұзғандар жауапкершілікке тартылды.

Бір жолғы рұқсатпен шетелдерден дәрі-дәрмек алып келуге қалада жұмыс істейтін 10 фармкомпанияға рұқсат берілген. 6 фармкомпания Үндістаннан, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан 2,6 млн флакон аса қажетті дәрілер және 16,7 млн маска жеткізді. 

«Ағымдағы жылдың 26 маусымынан 109 call-орталығы іске қосылып, 4 859 қоңырау қабылданды. 15 шілдеден «1430.kz» онлайн кеңес беру мобилдік қосымшасы іске қосылды, қосымшаға 171 дәрігер тіркеліп, халыққа қызмет көрсетуде», — деді М. Әйтенов.

Оның айтуынша, бұдан басқа, қаладағы инфекциялық, провизорлық стационарларда реанимациялық және интенсивті терапиялық төсек-орын саны 151-ден 330 орынға дейін ұлғайтып, олар толық ӨЖЖ аппараттарымен қамтылады. Оттегімен қамтылған төсек-орын саны 1,5 есеге дейін көбейтіліп, 1200 дейін жеткізіледі. Сонымен қатар, қала бюджеті оңтайландырылып, қосымша ӨЖЖ аппараттарын, басқа да құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге қаржы бағыттау көзделуде.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жедел жағдай бойынша 21 шілдеде облыс стационарларында 2 520 науқас емделуді жалғастырып жатқанын баяндады. Эпидемия басталғаннан бері науқастардың 62%-ы сауығып кеткен. Сырқаттанғандардың өсуі 2%-дан кем. 

«Соңғы 2 аптадағы талдау жалпы эпидемиялық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта пациенттерді тәуліктік шығару емдеуге жатқызудан жоғары. Төсек-орын жүктемесі 50%-ға дейін азайды. 2 апта бұрын бұл көрсеткіш 80% болған еді», — деді Ж. Қасымбек.

Соңғы аптада вирустық инфекция және оның асқынулары (пневмония) бойынша жедел жәрдем шақырулары 3 есеге қысқарды. Жоспарлы емдеуге жатқызуды кезең-кезеңмен қалпына келтіру бойынша жұмыс басталды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Даму-Мед мобильдік қосымшасы арқылы «Онлайн кеңес беру» жобасы іске қосылды, оны пайдаланушылардың жалпы саны - 400 мыңға жуық.

Күзгі-қысқы кезеңге жаппай дайындық жүргізілуде. Төсек-орын қоры 4486 төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Ауруханаларды заманауи медициналық техникамен жабдықтау жалғасуда. 

Пандемияның алғашқы айларында қолда бар 120 ӨЖЖ аппаратына 47 ӨЖЖ аппараты, 160 оттегі концентраты, 416 пульсоксиметр сатып алынды. Қазір 90 ӨЖЖ аппараты сатып алынып, оның 10-ы осы аптада жеткізілетін болады.

«Науқастарды оттегімен қамтамасыз ету үшін 1500 концентрат сатып алынды, сондай-ақ 5 объектіде медициналық газ берудің орталықтандырылған жүйесі орнатылды. 17 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді. Қазан айында Шахтинск, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында тағы 5-і орнатылады. Сонымен қатар, 25 заманауи сандық рентген аппаратын сатып аламыз», — деді Қарағанды облысының әкімі. 

Халықты тестілеумен қамту ұлғайды. Жалпы қуаты тәулігіне 4,5 мың талдау жасай алатын Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында 4 ПТР-зертхана ашылды. Тамыз айының соңында Балқаш қаласында бесінші зертхана ашылады.

Өндірістік кәсіпорындарда наурыз айынан бастап алдын алу тесттері өткізіледі, барлық қызметкерлер вахта алдындағы ПТР тестілеуден өтеді. Бұл экономиканың өнеркәсіптік секторының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлығы 150 мың тест жүргізілді.

Ауруханалар екі айға жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеу үшін дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың стратегиялық қоры қалыптастырылуда (коронавирус инфекциясының 2-ші толқыны орын алған жағдайда).

Сонымен қатар Ж. Қасымбек бүгінгі күні дәріхана желісінде дәрілік заттардың тапшылығы жоқ екенін айтты. Бағалар рұқсат етілген шектен аспайды. Дәрі-дәрмектер өңірлер бойынша көптеп жөнелтілуде.

«Алайда, жеткізілімдердің тұрақтылығы жөніндегі мәселелер де бар. Ол үшін жеткізу көлемін 3 есеге арттырумен логистиканы пысықтап жатырмыз. 18 шілдеде Ресей Федерациясынан қажетті дәрілік препараттардың 17 тоннасы тиелген борт келді», — деді Ж. Қасымбек. 

Бұдан басқа, карантиндік шаралардың бұзылуын анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. 57 ведомствоаралық мобильді топ жұмыс істейді, 444 рейдтік іс-шаралар өткізілді, 2 241 нысан тексерілді. Тіркелген 142 бұзушылық қорытындысы бойынша 72 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 нысан жабылды.

Ақпараттық жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Апта сайын тақырыптық материалдарды үш деңгейлі таратуды қамтитын желілік медиа-жоспар әзірленуде. Үгіт жұмыстарына қоғамдық пікір көшбасшылары, дәрігерлер, депутаттар тартылады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында үнемі брифингтер өткізіледі. Жыл басынан бері 71 брифинг өтті. Барлық материалдарға жауаптар «алтын сағат ережелері» бойынша жарияланады.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 21 шілдеде облыста 2 753 КВИ ауыру оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Бүгінгі күні 1 172 науқас (42,8%)  ауруханадан емделіп шығарылды, 89 адам емін жалғастыруда. 18 адам көз жұмған.  Өңірде 7 773 пневмониямен ауырғандар тіркелген, оның ішінде 4 987 емделуші сауығып кеткен. 21 шілдедегі жағдай бойынша тәуліктік және күндізгі стационарларда 2 786 пациент бар. 317 адам көз жұмған.

Облыста тәулігіне 600 ПТР тест өткізу мүмкіндігі бар 4 зертхана жұмыс істейді. Бүгінгі күні 130 мыңға жуық зертханалық және экспресс тест жүргізілді, нәтижесінде халықты тестпен қамту көрсеткіші 100 000 адамға шаққанда 12 606 тестіні құрады.

«Жалпы пандемия басталғаннан бері төсек-орындар саны 4 есеге жуық өсті. Бүгінгі таңда өңір бойынша бір мезгілде 3 988 адамды орналастыруға мүмкіндік бар, оның ішінде 337 инфекциялық, 2 636 провизорлық, 1 015 резервтік төсек-орын. Бүгінгі таңда 1 173 бос орын бар, төсек-орынмен жабдықталу 58% құрайды», — деді О. Оразалин.

Облыста компьютерлік томография жүргізу үшін 16 аппарат және 63 рентген аппараты бар, оның ішінде облыс көлемінде қолдануға мүмкіндігі бар 2 жылжымалы медициналық кешен бар. КТ және рентген аппараттарына қосымша қажеттілік жоқ. Бұдан басқа, 186 ӨЖЖ аппараты бар, оның ішінде 81 стационарлық және 105 портативті. Қосымша тағы 15 ӨЖЖ аппараты сатып алынды, жақын арада жеткізілуі күтілуде. Барлық провизорлық стационарлар оттегімен және Бобров аппараттарымен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, «Қазхром» ТҰК күшімен күн сайын өтеусіз негізде 500-ден астам баллон оттегімен толтырылады.

Пандемия кезеңінде КВИ-мен күреске барлығы 2 400 медицина қызметкері тартылды, оларға жалпы сомасына үстеме ақы ретінде 684 млн теңге төленді. Тек маусым айының өзінде медицина қызметкерлері 536 млн теңге көлемінде үстеме ақы алды.

Бұдан басқа, пандемия кезінде дәрігерлерге М. Оспанов атындағы медициналық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілді. 200-ге жуық резидент және 100 профессорлық-оқытушылық құрамы провизорлық стационарларға жұмысқа тартылды.

Ақтөбе облысының әкімінің айтуынша, провизорлық және жұқпалы аурулар стационарлары аптасына екі рет «Фармация» СК күшімен дәрі-дәрмектермен толықтырылады. Бүгінгі күні қосымша Орынбор облысынан жергілікті бюджет есебінен 25 атау бойынша ең сұранысқа ие 117 мың импорттық дәрі-дәрмек жеткізілді, бұл барлық медициналық мекемелерді кемінде 30 күнтізбелік күнге дәрілік заттардың және жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Облыстың дәріханалық желілерінде дәрілік заттардың қамтамасыз етілу мәселесін шешу үшін жергілікті дәріханалар желісінің айналым капиталын толықтыруға бюджеттен тыс 500 млн теңге бөлу шешімі қабылданды. Жеке дәріханалық желілермен сауданың үстеме бағасын өзіндік құнынан 10%-дан асырмау жөнінде ауызша уағдаластық бар», — деді  О. Оразалин.

Мемлекет басшысының өз еліміздің дәрілік препараттарын шығару туралы тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі уақытта қол қойылған меморандумға сәйкес «ТК-Фарм» ЖШС базасында «Гриповир» вирусқа қарсы препаратын шығару ұйымдастырылды. 

«Біздің тарапымыздан Қытайдан шикізат алуға көмек көрсетілді (бюджеттен тыс қаражат есебінен 75 млн теңге сомасына жеңілдетілген, қайтарымды, пайызсыз қарыз берілді. 200 келі «Уминофира» сатып алынды). Егер бұрын аптасына 5 мың қорап шығарылса, енді өнім көлемі 4 есе артып, аптасына 20 мың қорапқа жетеді», — деді Ақтөбе облысының әкімі. 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 152 мобильдік топ құрылып, жұмыс істеуде. Өңірдегі жағдайды түсіндіру бойынша жұмыс күшейтілді. Аптасына 3 рет тікелей эфирде барлық әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Үйде амбулаторлық емдеуге кеңес беру үшін М. Оспанов атындағы медициналық университетінің медициналық базасында тәулік бойы жұмыс істейтін сall-орталығы ашылды.

Облыс бойынша 200-ге жуық мониторингтік топ құрылды. Түрлі объектілерге 8 600-ден астам тексеру жүргізілді, 3 106 хабарлама берілген. 

Сонымен қатар, облыста 6 ұйым адамдарды жерлеу бойынша қызмет көрсетеді, қызмет құны шамамен 80 мың теңгені құрайды. Жерлеу бойынша қызметтердің бағасы соңғы 2 жылда өзгерген жоқ. Жерлеу орындары тегін беріледі.

Қабылданған шаралардың арқасында аурудың төмендеуі байқалады. Ай басынан бері төсек-орын саны 78%-дан 58%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты 1 015 төсек-орын резервке ауыстырылды.

«Сондай-ақ жедел жәрдем қызметіне күніне 2 600-ге жуық қоңырау келіп түсті, 160-қа жуық науқас стационарға жеткізілді, қазіргі уақытта 1 800-ге жуық қоңырау келіп түседі, 60-70 науқас жеткізіледі, яғни 2 еседен астам төмендеді. Тиісті жұмыстар жалғасатын болады. Жағдай тұрақты бақылауға алынған», — деді О. Оразалин. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.