Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Экология министрлігі Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлейді

Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020, 11:16:48

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндама жасады.

2019 жылы экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларында атмосфералық ауаның жоғары деңгейде ластануы тіркелді.

Министрдің айтуынша, экологиялық проблемаларды шешу үшін Министрлік жұртшылықпен онлайн-кездесулер ұйымдастыруда. Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының және Алматы, Теміртау қалаларының жұртшылығымен 5 кездесу өткізілді. Кездесулердің қорытындысы бойынша Жол карталары әзірленді. Жұмыс одан әрі жалғасады. 2 ай ішінде қалған өңірлер бойынша Жол карталары әзірленеді.

«Биыл экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында эко-белсенділер слеті секілді бірқатар іс-шаралар өткізілді. Онда эко-амбассадорлар анықталды. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша заңсыз қоқыстарды жою жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 7,6 мың заңсыз қоқыстың 5 мыңнан астамы жойылды. Бұл жұмыстар “Бірге Таза Қазақстан” акциясы аясында жалғасады. Мысалы, 19 қыркүйекте “World cleanup Day” акциясын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Әкімдіктерден бізді қолдауды сұраймыз. Бұдан өзге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғатқа залал келтіргені үшін заңнама күшейтілетін болады», — деді М. Мырзағалиев.

Экономиканы терең декарбонизациялау 

Париж келісімінің климат бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында Қазақстан 2050 жылға дейін төмен көміртекті экономикаға көшу жөніндегі өзінің ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеуі қажет.

«Бүгінгі таңда әлемдік экономиканы декарбонизациялау және климаттық реттеуді қатаңдату тренді байқалады. Мәселен, өткен жылы Еуропалық Одақ 2050 жылға қарай парниктік газдардың нөлдік шығарындыларына қол жеткізуді өзінің басты мақсаты деп жариялады. Ол үшін Еуроодақ шығарындылардың жоғары деңгейі бар елдерден импортталатын өнімдерге “шекаралық көміртегі салығын” әзірлеуге кірісті. Осыған байланысты, егер Еуропа нарығында отандық өнімдердің жоғары бәсекелестігін сақтау үшін бізге шығарындыларды қысқарту қажет», — деді М. Мырзағалиев.

Министрлік Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы Тұжырымдаманың аясында Министрлікте еліміздің экономикасын декарбонизациялаудың бірқатар сценарийі пысықталып жатыр. Модельдеу нәтижелерінің негізінде экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан оңтайлы шаралар әзірленеді. Тұжырымдаманы бекіту бойынша жұмысты 2021 жылдың І жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда.

 

Моноқалалар. Геологиялық барлау 

М. Мырзағалиев атап өткендей, қаланың негізі болып тұрған кәсіпорындардың қорларымен қамтамасыз етілу проблемалары, пайдалы қазбалар қорларының төмен толықтырылуы және «жетілген» деп аталатын кен орындарында өндірудің төмендеуі бүгінгі күні шешуді талап ететін негізгі мәселелер. 2025-2040 жылдарға қарай моноқалалардың айналасында орналасқан бірқатар ірі кен орындары (Орловское, Малеевск, Тишинское, Риддер-Сокольное) сарқылады деп болжануда. 

«Геологиялық зерделеуді арттыру мен пайдалы қазбалардың басым түрлерінің ресурстарын бағалау үшін 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Онда Шығыс (Ридер, Зыряновск, Серебрянск), Орталық (Сәтбаев, Жезқазған) және Солтүстік Қазақстандағы (Арқалық, Рудный, Лисаковск) моноқалалардың айналасында ірі ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізу көзделеді. Бұл қаланың негізі болып тұрған кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді», — деді министр.

 

Су саласы 

Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, бүгінгі күні суармалы судың шығыны 40%-ды құрайды. Шығындарды азайту үшін мына жұмыстар атқарылуда:

  1. 6 785 км суару желілерін қайта құру және салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл су шығынын 40%-дан 17%-ға дейін немесе жылына 1,5 млрд. куб метрге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

  2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында суды цифрландыру және есепке алуды жаппай енгізу жоспарлануда.

Мәселен, Түркістан облысындағы К-19 каналында цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Тестілік режимде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің біріне төленгеннен 2 есе көп су жіберілгені анықталды. Оң нәтиже көрсеткен осы пилоттық жоба аясында бірнеше жыл ішінде республикадағы басқа каналдар да цифрландырылады. 

Қазіргі уақытта Министрлік әкімдіктермен бірлесіп вегетациялық кезеңнің қорытындыларына талдау жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша әкімдіктерге суды аз тұтынатын дақылдарға көшу және ылғал үнемдеуші технологияларды енгізу бойынша тиісті ұсынымдар жіберілетін болады. 2030 жылға дейін су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңды 750 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 

Балық шаруашылығын дамыту 

Мемлекет басшысы балық өсіру саласына ерекше назар аударды. Осы саланың әлеуеті айтарлықтай зор. 1 қарашаға дейін әкімдіктермен бірлесіп балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленетін болады.

Өңірлік индикаторлар анықталады. Министрлік өткен аптада әкімдіктердің, ғылыми ұйымдардың және бизнестің қатысуымен тиісті жиналыс өткізді. 

 

Ағаш отырғызу

Орман шаруашылығы саласында 2030 жылға қарай орманшылық үлесін қазіргі 4,7%-дан 5%-ға дейін ұлғайту жоспарда бар. 5 жыл ішінде орман қорында 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады. Елорданың айналасындағы жасыл белдеу 2023 жылға қарай қазіргі 87,8 мың гектардан 100 гектарға жетеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл елімізді ауқымды көгалдандыруға әкеледі.


Биоалуантүрлілік

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қарашаға дейін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтауға, орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған Биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі 2030 жылға дейінгі Тұжырымдаманың жобасы әзірленеді.

 

Экологиялық туризмді дамыту

Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 ұлттық парк бар. 2019 жылы келушілер саны 1,5 млн адам болды. Бүгінгі күні ұлттық парктерде көлік үшін жабдықталған тұрақтарға, кемпингтерге, жаңа санитарлық кабиналарға аса қажеттілік байқалады. Министрлік халықаралық тәжірибе негізінде маршруттар мен соқпақтарды жетілдіруді қарастыруда. Осының аясында қазіргі заманғы визит-орталықтар, медициналық пунктер, кемпингтер, этно-ауылдар және т. б. құру көзделіп отыр.

Осыған байланысты, тиісті шеберлік жоспарлары әзірленуде. Олар жұртшылықпен талқыланып жатыр. Сонымен қатар жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Бұған қоса, экотуризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды мүмкіндіктері есептелді. Жеке инвестициялар көлемі 70 млрд теңгеге жетеді. Туристердің ағыны 12,2 млн адамға дейін ұлғаяды, 12 мыңға жуық қосымша жұмыс орны құрылады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
08 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 Қаулысы
08 Қазан 2020, 10:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №636 Қаулысы
07 Қазан 2020, 23:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз жүргізді
07 Қазан 2020, 16:10
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізді
07 Қазан 2020, 14:11
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзі
07 Қазан 2020, 10:53
ҚР Ұлттық ұланының кейбір мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
07 Қазан 2020, 10:10
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы
07 Қазан 2020, 09:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №623 Қаулысы
07 Қазан 2020, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №622 Қаулысы
06 Қазан 2020, 16:11
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.10.2020
06 Қазан 2020, 14:58
Б. Атамқұлов: еліміздің фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестициялар 5,2%-ға өсіп, 4,1 млрд теңгені құрады
06 Қазан 2020, 14:36
Ұлттық тауар өткізу жүйесі азық-түлік тізбегінің шығындарын азайту және бағасын тұрақтандыру мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді — Б. Сұлтанов
06 Қазан 2020, 13:09
Қазақстанның ішкі нарығы тұщы су балықтарымен 100% қамтамасыз етілген – ҚР ЭГТРМ
06 Қазан 2020, 12:37
А. Цой: отандық фармацевтикалық компанияларды қолдау үшін дәрі-дәрмектерді сараптау және олардың сапасын бағалау рәсімдері жеделдетілді
06 Қазан 2020, 10:53
12 тауар позициясы бойынша Қазақстанның ішкі нарығы 100% қамтамасыз етілген — ҚР АШМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.