Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Елбасы қоры Қазақстан Үкіметімен бірлесіп салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасын іске асыруға кіріседі

Жұма, 17 Қаңтар 2020, 16:14:49

Бағдарлама Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында әзірленген және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың экономика мен әлеуметтік саланы мемлекеттік басқаруда жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігі туралы тапсырмасын сапалы орындауға бағытталған.

Бағдарламаны Тұңғыш Президент қоры Үкіметпен және АХҚО-ымен бірлесіп жүзеге асырады. Оның басты мақсаты — салалық кәсіби тұлғаларды табу және оларды экономиканың басымдықты салаларында өзгерістерді басқаруда көшбасшылар ретінде одан әрі даярлау.

Мәселен, 2019 жылы 27 қарашада талантты жастармен өткен кездесуде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев экономиканың түрлі салаларында кәсіби мамандардың қалыптасуының маңыздылығын атап өтті.

«Басты талап – ең үздік білім мен әлемнің жетекші компанияларында тәжірибе жинау ғана емес, командада жұмыс істей білу, күрделі міндеттер үшін жауапкершілік ала білу және оларды соңына дейін жеткізе білу. Бағдарлама бойынша іріктелген әрбір маман өзгерістер басқару менеджеріне дейінгі оқытудан өтеді», — деді Елбасы.

Бағдарламаның өзектілігі Мемлекет басшысы алға қойған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру бойынша міндеттер аясында арта түседі. Ел Президенті Қ. Тоқаев «бізге түрлі салаларда жаңа формациядағы басқарушылар командасы керек» деген болатын.

Бағдарлама қазақстандық кәсіби мамандарды мемлекеттік басқаруға тарту үшін қосымша жағдайлар жасайды. Бұл ретте, азаматтардың мемлекеттік аппаратпен ынтымақтастығының жаңа форматтары ұсынылады, бұл оларды міндетті түрде мемлекеттік қызметте лауазымға ие болуға тартуды көздемейді.

Бағдарлама аясында бірінші кезеңде сауда және логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау және өнеркәсіп (соның ішінде – жаңа индустрия), су ресурстары, өңірлік даму және қалаларды басқару, туризм, мәдениет және спорт, білім беру, денсаулық сақтау және медиаиндустрия секілді 11 саладағы нақты міндеттерді жүзеге асыруға 200 қазақстандық кәсіби маманды тарту көзделген.

Бағдарламаға қатысуға мемлекеттік және жекеменшік секторда жұмыс істейтін, соның ішінде шетелде тұратын, табысты практикалық тәжірибесі, кәсіби білімі және ең бастысы – мемлекеттің өркендеуіне жеке үлесін қосуға ниеті бар ҚР азаматтары шақырылады.

Бағдарламаға қатысушылар әлемнің жетекші институттары мен компанияларында курстар мен тағылымдамалар түрінде функционалдық және салалық оқытудан өтеді.

Өзгерістерді басқару бойынша менеджерлерді даярлау бағдарламасының маңызды компоненті — оның қатысушыларының жоғарыда аталған 11 саладағы ең өзекті 49 практикалық міндеттерді шешуі.

Бағдарламаға қатысушылар өздерінің тәлімгерлері ретінде әрекет ететін жетекші отандық және халықаралық сарапшылармен, Үкімет басшылығымен тікелей және жүйелі өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаға жалпы басшылық етуді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Басқарушы комитет жүзеге асырады. Бағдарламаны іске асыруды ТПҚ Үкіметтің жобалық офисімен бірге қамтамасыз етеді.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлердің өтінімдерін қабылдау 15 қаңтарда басталды. Салалық командаларды іріктеу және қалыптастыру процесі осы жылдың 15 наурызына дейін аяқталады. Бұл жұмыспен арнайы тәуелсіз комиссия айналысады. Кандидаттарды бағалауға, іріктеудің объективтілігі үшін халықаралық сарапшылар тартылатын болады. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін cv@elumiti.kz электрондық поштасына кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсете отырып, түйіндеме жіберу қажет.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.