Үкімет Басшысы ҚР ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуымен танысты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 30 қаңтардағы құқық қорғау органдарының басшылық құрамымен өткізген кеңесте берген тапсырмаларын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ішкі істер министрлігінің осы орайда атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. 

Мемлекет Басшысы құқық қорғау жүйесін жетілдіру, құқық тәртібі мен заңдылықтарды бекіту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бірі құқық қорғау органдарын техникалық жарақтандыру жағынан нығайтуға қатысты. 

Бүгін Премьер-Министр полицияның құрылымдық бөлімдерінің техникалық жарақтандырылуы және ІІМ-нің криминалистикалық қызметінің даму барысын көрді.

Сондай-ақ, С.Ахметов арнайы техникалар мен автокөліктер үлгілері, техникалық қарулану, арнайы бөлімдер жарақтарының жаңа үлгілері, инженерлік-саперлік кешен, байланыс кешені, Жедел басқару орталығының жұмыс орны, жылжымалы криминалистикалық зертхана жұмысын да аралап көрді. 

С.Ахметов жедел-криминалистикалық қызмет құрамындағы геномдық және физикалық-химиялық зертханада болды. Биологиялық, генетикалық зерттеулер жүргізетін зертхана биологиялық тізбе және ДНК-ның генетикалық талдауларын жасау бойынша кешенді аппаратты қоса есептегенде, соңғы үлгідегі жаңа құралдармен жабдықталған. Физикалық-химиялық зертхана химиялық құрамды сәйкестендіру және үлгілерді салыстырмалы зерттеу үшін материалдарға кешенді талдау жасауға мүмкіндік береді. 

Полицияның криминалистикалық бөлімшелерін жарақтандыру үшін былтыр оқиға орынында жұмыс істейтін үш өлшемдік үлгісіндегі кешендер, іздестіру баллистикалық кешендері алынды. Одан басқа, ІІМ-де аумақтық бөлімшелердегі криминалистерді оқыту мен біліктілігін арттыру үшін арнайы база, қазіргі заманғы криминалистикалық полигон, қажетті криминалистикалық техникалар және әдістемелік құралдармен қамтылған оқу сыныптары құрылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу