Үкімет басшысы ТЖ мен су тасқынының алдын алуға қатысты іс-шараларды мүлтіксіз орындауды талап етті

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов ТЖМ-не, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, облыс әкімдеріне төтенше және су тасқыны жағдайларының алдын алуға қатысты барлық тапсырмаларды мүлтіксіз орындауды талап етті. 

                            

«Барлық тапсырмаларды мүлтіксіз орындауды, өзен арналарына, арықтарға, бөгеттерді, гидротехникалық құрылыстарды нығайтуға, жол инфрақұрылымын сақтауға, байланыс жеткізу желілері мен тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымына толығымен көңіл бөлуді тапсырамын. Арнайы техникаларды шоғырландырып, инерция материалдарының қажетті қорын, әсіресе су тасқыны қаупі жоғары жерлерге жақын етіп дайындау қажет».

«Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, бұл өте маңызды мәселе» деп атап өтті Премьер-Министр.

С.Ахметов атап өткендей, өңірлердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, жалпы алғанда Үкіметтің басты тапсырмасы төтенше жағдайлардың және су тасқынының алдын алу болып табылады.

«Тағы да жауын-шашын болады деп болжануда, сондықтан мұқият болу керек. Дайындық жұмыстары мен су тасқыны кезінде бақылауда болуы тиіс жағдай қазір қолданған шараларға тәуелді», - деп қортындылады Үкімет Басшысы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу