Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Пасха мерекесімен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар! 

Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ұлтаралық татулық пен этносаралық келісім үйлесім тапқан біздің еліміз үшін де ерекше мейрам. Халқымыздың ауызбіршілігі, ұлт пен ұлыстың және түрлі дін өкілдерінің өзара сыйластығы – тәуелсіз мемлекетіміздің ең үлкен байлығы. Осынау рухани кемел құндылықтарды ұлықтай білген қазақстандықтар әрдайым бір-бірін мейірімге, шынайы бауырластыққа, ізгі қадамдарға үндейді.

Қуанышты күні шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Еліміздің барша православ христиандарына және отандастарымызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, толайым табыс тілеймін!

 

Игі ниетпен,

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                        Олжас Бектенов

#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-Министрі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу