Cу тасқыны қаупін анықтау үшін Қазақстанның ТЖМ жағдайды талдаудан өткізді

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны қаупін анықтау үшін жағдайды талдаудан өткізді, деп хабарлады ҚР ТЖ министрі Владимир Божко ҚР Үкіметі отырысында. 

                          

«Су тасқыны қаупін анықтау үшін қалыптасқан жағдайды талдаудан өткіздік. «Қазгидрометтің» мәліметінше Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында қар көлемі көп жылдық орташа деңгейдің 20-дан 50%-ға дейін құраған»,- деді В.Божко.

                         

Министрдің айтуынша, аса қауіпті жағдай Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы және кейбір жазық аймақтарда қалыптасқан, ол жердегі қар көлемі жылдық мөллшерден1,5 есе артық.

Сонымен қатар, қар қалың жауғандықтан Өскемен қаласында төтенше жағдай режімі жарияланған.

ҚР ТЖМ және ҚОҚМ-нің мәліметінше, жағдайды талдау аясында Көксу, Лепсі (Алматы облысы), Бұқтырма, Оба (Шығыс Қазақстан облысы), Тобол, Торғай (Қостанай облысы), Нұра-Шағалы (Ақмола облысы), Нұра, Кеңгір, Шерубай-Нұра, Сырасу (Қарағанды облысы) өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін деп болжануда.

Владимир Божконың айтуынша, су тасқынының басты факторы қардың көп түсуінен бөлек, температуралық ауытқу, сонымен қатар аумақтар мен қалалардың дайын болмауы, өзен арнасының, су өткізу және гидротехникалық құрылыстардың арық-канал жүйелерінің ластануы болып табылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу