«Хоргос-2» тау учаскесінде селге қарсы құрылыстар салынады - В.Божко

Төтенше жағдайлар министрлігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, «Хоргос-1» мен «Хоргос-2» учаскелеріндегі селге қарсы құрылыстарға техникалық-экономикалық негіздеме жасады, деп хабарлады бүгін ТЖ министрі Владимир Божко ҚР Үкіметі отырысында.

 
                     

«Экономика мен бюджеттік жоспарлау министрлігінің МЖӘ-мен одан әрі келісім жүргізуді жалғастыру үшін «Хоргос 2» техникалық-экономикалық негіздеме бойынша РБК мүшелерінің сырттай келісімін өткізуге сізден рұқсат сұраймын», - деп атап өтті ТЖМ басшысы.

Қазіргі уақытта Хоргос өзені бассейнінде су тасқыны жағдайын азайту мақсатында «Хоргос» ШСҰО жанындағы арнаны тазалау мен түзету жүргізілген. 

Қортындылай келе, министр облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері қандай шара қолдану керектігін атап өтті.

Яғни, қалалар мен елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға, арық-канал жүйелеріндегі, өзен арналарындағы, су өткізетін және гидротехникалық құрылыстардың қар суының үлкен көлемін өткізуге дайындықты бәсеңдетпеуге, елді мекендерден қарды шығаруды жалғастыруға кеңес берді.
 
                  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу