Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев «Астана клубының» Бесінші отырысына қатысты

Сейсенбі, 12 Қараша 2019, 12:39:28

Елбасы пленарлық отырысқа қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, «Астана клубы» халықаралық диалог алаңдары жүйесінде беделді және маңызды форумға айналғанын атап өтті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Еуразиялық мегақұрлықтың өсіп келе жатқан ішкі көлік байланысы бірлескен даму үшін адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге жол ашты. Осы орайда тәуекелдерден арылуға және «Үлкен Еуразиядағы» ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашуға мүмкіндік беретін ашық және адал диалог қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті дүниежүзіндегі қақтығыстар мен геосаяси текетірестердің қайта өршуінің ауқымды тенденциясын атап өтіп, Еуразиядағы геосаяси жағдайға теріс әсер ететін негізгі қауіп-қатерлер туралы көзқарасын білдірді.

«Бізді әлемдік экономикадағы ахуал алаңдатады. Барған сайын дағдарыс жақындап жатқан сыңайлы. Әлемдік саудадағы қарама-қайшылықтар мен геосаяси тұрақсыздық жағдайында жаһандық институттар көңіл көншітпейтін болжамдар келтіріп отыр. Жаһандық өсудің баяулауы әлемдік саудаға теріс әсер етуде. Осы факторлардың барлығы әлемдегі тұрақтылықты бұзады», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік державалар арасындағы санкциялар мен сауда соғыстарына назар аударды.

«Жетекші державалар арасындағы текетірес Еуразияның көптеген соғыс ошақтарына бірден әсер етуде. Бұл Сирия мен Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу процесін одан әрі қиындата түсуде. Ал Брексит - интеграцияға қарсы басты оқиғаға айналды», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы бүкіл Еуразия кеңістігіндегі бақылаусыз милитаризация процесіне және әлемдегі жетекші мемлекеттердің тайталасы технология саласына ауысуына байланысты қауіптерге тоқталды.

«АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің өсуі жаһандық жоғары технологиялық нарықты тұрақсыздандырып, әлемдік технологиялық тізбектің бұзылуына әкеліп соқты. Жасанды интеллектінің дамуы арта түсуі үлкен мүмкіндіктермен қатар, орасан зор қауіп әкелуде», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын Таяу Шығыстың жағдайына тоқталды.

Елбасы Еуразиядағы қауіпсіздік жүйесін жандандыру және оны жаңа сапалы көзқараста дамыту үшін Үлкен Еуразияда жаңа «ойын ережелерін» анықтауға бағытталған бірқатар практикалық шаралар ұсынды.

«Жалпықұрлықтық қауіпсіздік архитектурасын қалыптастырудың негізгі тәсілдерін сыни тұрғыдан қайта қарастыру қажет. 2020 жылы ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясын қабылданғанына 10 жыл болады. Онда еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздіктің біртұтас қауымдастығын қалыптастыру маңыздылығы көрсетілген болатын. Бұл мәселелерді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының әлеуеттерін біріктіру арқылы тиімді шешуге болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы көшбасшылардың Ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық альянсын құруды ұсынды. Бұл ядролық қарусыздану мен оны таратпауды алға жылжытатын беделді жаһандық алаңға айналуы тиіс екендігін атап өтті.

«Біз ядролық қарусыздану туралы қолданыстағы келісімдердің эрозиясын тоқтату қажеттілігін бірнеше рет айттық. Келер жылы өтетін Ядролық қаруды таратпау шартына арналған шолу конференциясы қарсаңында осы құжаттың негізгі ережелерін әмбебаптандыру қажеттілігі жөнінде тағы да ойлануымыз керек. Шарттан шығу үшін халықаралық жауапкершілік шараларын күшейту, оларды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің деңгейінде тиісті қарарлармен бекіту қажет деп санаймын», - деді Елбасы.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерінен Солтүстік Корея қауіпсіздігінің нақты кепілдіктерін әзірлеу және Корей түбегіндегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған Пхеньян мен Сеул арасындағы сенім шаралары каталогын жасау қажеттілігі туралы айтты.

«Еуразияның болашағы – біртұтас қауымдастықтың құрылуында, ал оның тірегі құрлықтың негізгі интеграциялық бірлестіктері арасындағы жүйелі экономикалық диалог болуы керек. Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, ШЫҰ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы мен «Белдеу және жол» бастамасы арасындағы прагматикалық ынтымақтастық Үлкен Еуразияның құрылуына қуатты серпін береді. Бұл әлемдегі ең үлкен құрлықтың бүкіл саяси кеңістігін тұрақтандырады. Мен осы уақытқа дейін Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасында толыққанды диалогтың орнатылмағанын қолайсыз деп санаймын», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті Төрағасы ретінде ЕО-ЕАЭО арасындағы серіктестіктің диалогтық механизмін іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

«Қазіргі жағдайда құрлықтағы барлық елдер тар өңіршілдік пен одақтық ойлау шеңберімен шектеліп қалмауы керек, керісінше «еуразиялық категориялар» деңгейінде кең ойлануы қажет. Тек сонда ғана біз еуразиялық «суперконтиненттің» зор әлеуетін іске асыра аламыз. Бүгінде біздің клуб «Үлкен Еуразия» деп аталатын жаңа геосаяси құрылымның идеологиялық алаңы ретінде әрекет етіп жатқанын атап өткім келеді», - деді Елбасы.

Сөз соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзара тиімділіктің қазіргі деңгейі барлық қиындықтарды еңсеріп, Еуразияның дами түсуін қамтамасыз ететініне сенім білдірді. 


Жаңалықтар тізбегі
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.