29 Қазан 2020, 18:47
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады.
Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, елдер арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады.
Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу