ҚР Премьер-Министрі облыс әкімдеріне бюджетті оңтайландыруды тапсырды

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов облыс, Астана және Алматы қалаларының
әкімдеріне 
өңірлік және қалалақы бюджеттерді оңтайландыруды тапсырды. 

«Мамыр айында біз Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы жұмыспен қамтудың дағдарысқа қарсы бағдарламасын қабылдау бойынша мәселені қараймыз, соның шеңберінде қосымша 30 млрд теңге бөлінеді. Біз 2009 жылдың жұмыспен қамту бағдарламасын жаңартамыз, яғни күрделі құрылыстан көптеген қаражат әлеуметтік нысандарды жөндеуге аударылады, оның ішінде денсаулық сақтау және білім нысандары да бар. Сондықтан, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттері  шеңберінде оңтайландыруды жүргізу қажет», - деді С.Ахметов. 

Үкімет басшысы әкімдерге бюджеттік үдерісті мұқият бақылауды тапсырды. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу