Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Еліміздің әлеуметтік саласын жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру — Е. Тоғжанов ҚР Президентінің Жолдауын іске асырудың басты аспектілері туралы

Бейсенбі, 03 Қыркүйек 2020, 13:09:44

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы айтып берді.

Е. Тоғжанов атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы ел дамуының нақты векторларын анықтап берді, оның ішінде еліміздің әлеуметтік саласын  жаңғырту мен азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру — мемлекет саясатының басты басымдығы екенін көрсетті.

«Біріншіден, тұрғын үй мәселелері неғұрлым белсенді шешілетін болады. Азаматтық қоғамның қажеттілігіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысына өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беру мүмкіндігі келесі жылдан іске асырыла бастайды», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 

Бұл дегеніміз — 721 мыңнан астам азаматтың тұрмыс сапасын арттыру мүмкіндігі, әлеуметтік мәселесінің шешімі. Қазақстандықтар тұңғыш рет зейнетақы жүйесіне қатысады.

Сонымен қатар мемлекет тұрғын үйді жалдау ақысының құнын субсидиялайды, бұл бірінші жылы 100 мың қазақстандық отбасын қолдауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, отбасылық-демографиялық жағдай жақсарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, өкінішке орай, әрбір алтыншы қазақстандық отбасы үшін  балалы болу  — орындалмай отырған арман.

Сондықтан, 2021 жылдан бастап  «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылады. Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО)  квоталарын 7 мыңға дейін ұлғайту  көзделіп отыр.

«Үшіншіден, әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қалыптастырылатын болады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік қауіпсіздігі 17 заңмен және ондаған заң актілерімен реттеліп отыр. Алда – қағазбастылықты азайтып, халықтың  қолжетімділігін жеңілдету  мақсаты тұр. Осыған орай, Үкімет еліміздің бірыңғай әлеуметтік кодексін әзірлеуді жоспарлап отыр.  Бұл барлық нормативтік-құқықтық базаны біріктіруге және жүйелеуге мүмкіндік береді», — деді вице-премьер.

Төртіншіден, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру немесе оларды электрондық форматқа көшіру жұмысы жалғасады. Мемлекет басшысы айтқандай: адамдар емес, деректер  «жүгіру» тиіс деген қағида іске асырылады.

 

Үкімет білім беру сапасындағы алшақтықты болдырмау үшін шаралар қабылдайды

Келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артады.

2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балалар жеке инвестицияларды тарту есебінен мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз етіледі.

Е. Тоғжанов атап өткендей, ата-аналар кез-келген балабақша мен мектепті өздері таңдай алады, оларды таңдауда шектеулер болмайды.

«Мектептерді “дарынды” немесе “қарапайым” балаларға арналған деп бөлмей, барлық мектепке ерекше көңіл бөлінеді. Үкімет тең жағдай жасау үшін кешенді шаралар қабылдайды. Бұл білім сапасындағы алшақтықты болдырмау үшін өте маңызды», — деді ол.

Онлайн білім беру платформалары үшін функционалдық мүмкіндіктерді жақсарту және бірыңғай талаптарды айқындау мәселесі пысықталады.

«Қазір білім уақыты. Күн сайын жаңа білім пайда болады. Біз жаңа білімді тез игеріп қана қоймай, оларды қалыптастыруды үйренуіміз керек. Бұл біздің ұлтымыздың қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін анықтайды. Сондықтан біздің басты міндетіміз — қазақстандықтарды өмір бойы оқытуға негіз қалау, жаңа шындыққа бейімделуге қабілетті болу», — деп атап өтті Е. Тоғжанов.

Осыған байланысты Үкімет адам капиталын дамыту үшін жүйелі құжатқа айналатын үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлейді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы шағын және орта бизнестің қарқынды дамуымен тығыз байланысты екенін бірнеше рет атап өтті. Ол үшін қазірдің өзінде кәсіпкерлердің жаңа толқынын дайындау қажет. Сондықтан білім берудің барлық деңгейлерінде — мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі. Осындай тәсіл өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу бойынша қолданылатын болады.

 

Тек дені сау ұлт зияткер бола алады

Президент өскелең ұрпақтың жан-жақты тұлғасын қалыптастыруға: спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, «балалар үйірмелерінің» қызметін жаңғырту бойынша қосымша шаралар пысықталады.

Сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жабу жөніндегі жұмыс күшейтіледі.

 

Ғылымды дамыту басымдыққа айналады

Президенттің тапсырмасы бойынша «Жас ғалым» жобасына 1000 грант бөлінеді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарынан ғылым мен технологияларды дамытуға 1% аудару міндеттілігі үлкен реформа болады. Бұл шешім біздің экономикамыздың негізгі салаларының бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі арттыруға бағытталған: өнеркәсіп, жасыл экономика, жаңа технологияларды енгізу және т. б.

Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударылады

Біріншіден, Үкімет II жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстеме ақыларын төлеуге 150 млрд теңге бөледі.

Екіншіден, халықаралық стандарттарға сәйкес денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады:

  • биылғы қазан айына дейін 13 жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын аяқтау жоспарланған;

  • 2021 жылдың желтоқсан айының соңына қарай Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 500 төсек-орыннан жұқпалы аурулар бойынша 2 көпбейінді ғылыми-зерттеу орталығы салынады;

  • 2021 жылғы желтоқсанға қарай Нұр-Сұлтан қаласында протон, сәуле, лазерлік терапия, сондай-ақ ядролық медицина технологияларын қоса алғанда, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған ең озық жабдықтары бар бірегей ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталады. Бұл еліміз үшін маңызды нысан. Себебі онкологиялық аурулармен диспансерлік есепте 187 мың қазақстандық тұр;

  • 2025 жылға дейін халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің барлық түрін көрсете отырып, заманауи 20 көпбейінді аурухана салынады. Бұл мақсатқа 1,5 трлн теңге инвестиция бағытталады.

Үшіншіден, Үкімет медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту бойынша тиісті жоспар әзірлейді, өңірлерге 100-ден астам жылжымалы автокешен, отандық өндірістің 1100-ден астам санитарлық автокөлігі сатып алынады.

«Төртіншіден, отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылады. 9. Біздің міндетіміз — дәрі-дәрмектердің өзіндік өндірісін қамтамасыз ету үшін фармацевтика өнеркәсібін дамудың жаңа деңгейіне шығару. Осыған байланысты Үкімет арнайы кешенді жоспар қабылдайды», — деді вице-премьер.

Бесіншіден, медициналық кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді болжамы жасалады, сондай-ақ аз кездесетін мамандықтарды: эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды, пульмонологтарды, кардиологтарды даярлау тәсілдері қайта қаралады.

 

Қазақстанда қоғамдық кеңестердің рөлі артады

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов Президент Жолдауының  негізгі мақсаты — әр азаматтың тұрмыс сапасын арттыру арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру екеніне тоқталып өтті.

Ол үшін рухани, тарихи құндылықтарға негізделген, заманауи талаптарға жауап бере алатын ұстанымдар қажет. 

Осы мақсатта қоғамдық кеңестердің рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінгі таңда заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Оның шеңберінде кеңестердің сапалық және сандық құрамын жақсарту, олардың жұмысының тиімділігі мен жариялылығын арттыру көзделуде. Ал, қоғам тарапынан тиімді ұсыныстар мен белсенділік, тәртіптік бақылау мен азаматтық парасаттылық қағидаларын сақтау, жоғары мәдениеттілікті тәрбиелеу қажет.

Сонымен қатар Үкімет БАҚ, телерадио хабарларын тарату және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруді көздейтін ақпарат мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру мақсатында қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларды  заман талабына сай қайта қарау, толықтыру жұмысы жүргізіледі. Дегенмен, ескеретін жайт – қоғам тарапынан  ой-сананы кеңейту, рухани даму  бағытындағы жаңа ұстанымдарды қабылдау, жаңа жобаларды іске асыруда белсенділік қажет», — деп түйіндеді Е. Тоғжанов.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
06 Қаңтар 2021, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №932 Қаулысы
06 Қаңтар 2021, 11:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №874 Қаулысы
05 Қаңтар 2021, 21:13
Жануарларды қорғау туралы заң, Экологиялық кодекс және жасыл энергетика — Қазақстанда экологияны дамыту және табиғи ресурстарды қорғау
05 Қаңтар 2021, 16:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.