Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы және су тасқыны бойынша ахуал

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ғани Бейсембаев педагогтарды аттестаттауға арналған платформа және оның қашан енгізілетіні туралы айтып, «Мың көшбасшы» жобасының жеңімпаздарына «Болашақ» бағдарламасы бойынша преференциялар қарастырыла ма деген сұраққа жауап берді. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған балалардың не істеу керектігі туралы айтты. Оған қоса «Жайлы мектеп» жобасы бойынша, атап айтқанда, құрылыс мерзімі, сапасы, мониторинг жүргізу, кадрлармен толықтыру бойынша сұрақтарға жауап берді.

Жаңа төтенше жағдайлар министрі өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту, Алматыда болған жер сілкіністерінің салдарын жою, оның ішінде халықты хабардар ету желісі бойынша, сондай-ақ ведомствоның кадр саясаты айтып берді.

#Брифинг #ҚР Оқу-ағарту министрлігі #ҚР ТЖМ #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу