12 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді 

Сәрсенбі күні, 12 шілдеде, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • 2023 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы;

  • «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру;

  • халықты жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын жүзеге асыру.


Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу