Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

14 қарашада Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді

13 қараша 2017, 15:05

Сейсенбі күні, 14 қарашада, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі алдағы шаралар.

  • Электрондық сауда-саттықты дамыту мәселелері.

  • Денсаулық сақтаудағы цифрландыру.

  • Пхенчхан қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2018 жылғы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.