Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

26 қыркүйекте Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді

25 қыркүйек 2017, 11:30

Сейсенбі күні, 26 қыркүйекте, сағат 10:00-де Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • ҚР ауылдық елді мекендерін кең жолақты Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету туралы мәселе;

  • «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;

  • «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында брифинг өтеді.

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.