«Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған энергия тиімділігі бойынша жобалар туралы баспасөз конференциясы өтеді

24 қазан 2017, 15:15

Сәрсенбі күні, 25 қазанда сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған энергия тиімділігі бойынша жобалар туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР ЭМ жанындағы Қоғамдық Кеңестің Экология жөніндегі комиссия жетекшісі Салтанат Рахымбекова, «Led System Media» ЖШС директоры Амангелді Таукенов, сондай-ақ техникалық ғылымдар докторы Баянды Диханбаев шара спикерлері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.