23 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 23 қаңтарда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

• «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру.

• Құқық қорғау қызметін, атқарушылық іс жүргізу мен сот сараптамасының мәліметтерін цифрландыру.

• Азаматтық авиацияның одан әрі даму мәселелері. 

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры мен басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаевтың, сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу