Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ХІ Астана экономикалық форумына дайындық туралы брифинг өтеді

02 мамыр 2018, 18:57
Фото: primeminister.kz

Бейсенбі күні, 3 мамырда, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Global Challenges Summit 2018 ХІ Астана экономикалық форумына дайындық барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

АЭФ ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, GVA Kazakhstan басқарушы серіктесі Булат Столяров, АЭФ ұйымдастыру комитетінің мүшелері Бауыржан Тұрлыбеков және Динара Жолдаспаева шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз