25 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Бейсенбі, 25 мамырда, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде – 2022-2023 жылғы оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу