Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Индустрия 4.0 элементтерін енгізу барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

22 қараша 2017, 17:17
Фото: primeminister.kz

Ертең, 23 қарашада, сағат 12:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Индустрия 4.0 элементтерін енгізу барысы туралы брифинг өтеді.

Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов, сондай-ақ ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Қанат Баитов шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.