Күрежол медициналық пункті 1 мыңнан астам адамға көмек көрсетті - ҚР ТЖМ

Күрежол медициналық-құтқару пункті пайдалануға берілгеннен бастап, олардың күшімен 5 облыста 1194 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді 
деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ТЖ бойынша вице-министрі Валерий Петров.



«ТЖ кезінде, оның ішінде жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл медициналық көмекті дамыту шеңберінде 5 облыста 12 күрежол медициналық-құтқару пункті пайдалануға берілді, олардың күшімен 1194 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді, 477 адам, оның ішінде 33 бала госпитальге жатқызылды»,- деді В.Петров.

Сонымен қатар, жергілікті халық 602 рет медициналық көмек сұрады.





Оған қоса, жыл басынан бастап ТЖМ-ның «Денсаулық» және «Жәрдем» консультативті-диагностикалық поездарыжақын медициналық ұйымдардан алыс жерде орналасуына байланысты білікті медициналық көмек алуға мүмкіндігі жоқ ауылдардың, станциялар мен разъездердің 8015 тұрғынына облыстық маңызы бар клиникалар деңгейінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. 

Одан бөлек, ТЖМ теміржол госпитальдарында 42169 диагностикалық зерттеу жүргізілді, дәрігерге барған адамдардың саны 66429-ды құрады. 

Өз алдына, поезд мамандары 7131 ауруды тіркеді, соның ішінде 954-і балалар ауруы. 

Айта кету керек, ағымдағы жылғы 29 наурызда «Саламатты Қазақстан» үшінші медициналық поезы жұмысын Шығыс Қазақстан облысының Таңсық станциясынан бастады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу