Қазақстанда ТЖ туралы хабарлаудың жаңа жүйесі 2-3 жылдан кейін іске қосылады - ТЖ бойынша вице-министр В.Петров

Республикамызда ТЖ туралы хабарлау жүйесін жетілдіру жоспарланған, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ТЖ бойынша вице-министрі Валерий Петров.



«Хабарлау жүйесі ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін есепке ала отырып, жетілдіріледі. Оған Израиль, АҚШ,
Еуропа, Азия елдері, Қытай да жатады. Бұл процесс бір қалыпты жұмыс жасап келеді, 2-3 жылдан кейін хабарлаудың жаңа жүйесіне ие боламыз деген үміттемін, сол арқылы барынша қысқа мерзімнің ішінде әр азаматқа ақпарат жетіп отыратын болады», - деді В.Петров.



Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда смс-хабарландыру арқылы азаматтарымызды ақпараттандыру туралы мәселе ұялы байланыс операторларымен талқыланғанын атап кетті. Бірнеше айдың ішінде смс-хабарландыру жүйесі барлық Қазақстанда жұмыс жасайды, себебі барлық ұялы байланыс операторларымен сәйкес келісім жасау аяқталған. 

Оған қоса, вице-министр теле- және радиоканалдарды да қамту істе байқалатынын айтты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу