Қазақстанда ТЖМ-нен мүлікті міндетті сақтандыру заң жобасы әзірленуде

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Азаматтардың жылжымайтын мүлкін міндетті сақтандыру туралы» Заң жобасы жасалуда, оған табиғи және техникалық түрдегі төтенше жағдайларды сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері қарастырылған, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ТЖ бойынша вице-министрі Валерий Петров.



«Ведомствоаралық және сарапшы жұмыс тобы құрылған, бірқатар кеңестер өтті. Қазіргі уақытта Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі«Азаматтардың жылжымайтын мүлкін міндетті сақтандыру туралы» Заң жобасы жасауда, онда табиғи және техникалық түрдегі төтенше жағдайларды сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері қарастырылған», - деді В.Петров.
 
Сонымен қатар, ол табиғи апаттардан сақтандыру жүйесіндегі жаңа әдістерді әзірлеу 2012 жылдың қыркүйегінде басталғанын атап өтті.  

Вице-министр авариялардан, апаттардан және дүлей зілзалалардан сақтандырудың отандық жүйесінің жеткіліксіз дамуына байланысты олардың сақтандыру компанияларына келтірілген залалдары көп жағдайда қайтарылмайды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу