Ерұлан Жамаубаев ұлттық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жиын өткізді. 

Отырыста Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасынан және басқа тапсырмаларынан туындайтын жаңа шараларды ескере отырып, Премьер-Министрдің қолданыстағы ұлттық жобалардан көрсеткіштер мен іс-шараларды көшірумен мемлекеттік органдардың салалық тұжырымдамалары мен даму жоспарларын нақтылау жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. 

Отырыс қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар тиісті тапсырмалар берді, соның ішінде Премьер-Министр алға қойған міндеттердің орындалуын жеделдетуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу