Ертең Үкімет отырысында ағымдағы жылдың І тоқсанына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары жарияланады

Ертең, 23 сәуірде ҚР Үкіметі отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары және республиканың 2013 жылдың бірінші тоқсанының  қортындысы бойынша бюджеттің орындалу параметрлері қаралады, деп хабарлады баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

"Ертең ҚР Үкіметі отырысында экономика министрі Ерболат Досаев және қаржы министрі Болат Жәмішев республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары мен 2013 жылдың бірінші тоқсаны бойынша қазақстандық бюджеттің орындалуы туралы баяндайды", - деді А.Әбибуллаев. 

Бұдан  өзге, ОКҚ өкілі мәлімдегендей, Үкімет отырысында ӘКК саласындағы жаңа тапсырмаларды бейнелейтін Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тұжырымдамасын талқылау жоспарланған. 

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова сөз сөйлейді деп күтілуде, ол ҚР 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамытудың тұжырымдамасын таныстырады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу