Ертең ҚР Үкіметі отырысында көктемгі-егіс жұмыстарының орындалуы талқыланады

Ертең, 2 сәуірде ҚР Үкіметі отырысында республикамызда көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарау жоспарланған, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.  

"Ертең Үкімет отырысы барысында көктемгі-егіс науқанын талқылау жоспарланған", - деді А.Әбибуллаев. Осы мәселе бойынша Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасайды деп күтілуде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу