Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі №221 Қаулысы

«Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. «Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №1219 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 

көрсетілген қаулымен бекітілген Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларында: 

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 

«1-тарау. Жалпы ережелер»; 

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

«Бағалы заттарға бағалы металдар (кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий) және асыл тастар (табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу) жатады. Бірегей кәріптас түзілімдері асыл тастарға теңестіріледі.»; 

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«2) жылжымалы мүліктен – ақша, құндылықтар, көлік құралдары және құнды қағаздар қабылдануы мүмкін.»; 

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 

«2-тарау. Кепілді қабылдау тәртібі»; 

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

«Егер кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда, орган оны әділет органдарының немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның есептері бойынша тіркелуі тұрғысынан тексереді.»; 

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«6. Қажет болған жағдайда кепіл мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды уәкілетті органдар береді не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі. 

Бағалы қағаздың құны кепіл енгізілген сәтте бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.»; 

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 

«8. Құнды қағаздарды кепілге беру кезінде кепіл беруші салық органдарынан Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнің ұлттық тізілімінде қамтылған бағалы қағаздардың эмитенті тарату процесінде тұрмағаны және өз қызметін тоқтатпағаны туралы мәліметтерді де ұсынады. 

9. Кепілді қабылдау туралы хаттама іс материалдарына қоса тігіледі, ал кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі беріледі. Егер кепіл берушілер бірнешеу болса, онда лауазымды адам растаған хаттаманың көшірмесі олардың әрқайсысына беріледі.»; 

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3-тарау. Кепілді сақтау тәртібі»; 

12-тармақтың бесінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«5) бағалы қағаздар – оларды кепіл ретінде қабылдаған органда не екінші деңгейдегі банктерде;»; 

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 

«4-тарау. Кепілді қайтару тәртібі»; 

17-тармақтың бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: 

«17. Қағидалардың 16-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда кепілді қайтару ҚПК-нің 153-бабының бесінші бөлігіне сәйкес кепіл түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының немесе тергеу судьясының қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»; 

«Өтінішке: 

1) кепіл берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі; 

2) ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктен анықтаманың түпнұсқасы; 

3) сот үкімінің немесе бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту туралы тергеу судьясы қаулысының, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурормен келісілген бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту не жекелеген күдіктілерге қатысты қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы прокурор бекіткен қаулысының көшірмесі қоса беріледі.»; 

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 

«5. Кепіл нысанын өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібі». 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу