05 Шілде 2023, 09:19
«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 2.1-жол алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, оның құрамында» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3.12) жолмен толықтырылсын:
«
3. |
12) |
«Ақтау теңіз солтүстік терминалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
|
|
»;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі» деген бөлімде:
мына:
«
|
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Астана қаласының әкімдігі |
»;
реттік нөмірі 29.6-жол алып тасталсын;
«Маңғыстау облысының әкімдігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 215.2-жол алып тасталсын;
«Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 250.1-жол алып тасталсын;
«Жамбыл облысының әкімдігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 282.24-жол алып тасталсын;
«Алматы қаласының әкімдігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 362.2), 370.10), 373-1.14) жолдар алып тасталсын;
«Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 376.3-жол алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 8-1.3-жол алып тасталсын;
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 103.5-жол алып тасталсын;
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы деген бөлімде:
реттік нөмірі 149.4-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу