Бақытжан Сағынтаевқа тасқын қаупінің алдын алу жөніндегі қолға алынған шаралар туралы баяндалды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында тасқын қаупінің алдын алу жөніндегі қолға алынған шаралар туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов баяндады.  

ҚР ІІМ «Су тасқыны қаупінің алдын алу және оларды жою бойынша 2017–2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасының орындалуына мониторинг жүргізеді. Жол картасында барлығы 862 іс-шара, оның ішінде аумақтар мен елді мекендерді тасқын сулардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша, сондай-ақ ұлттық гидрометеорологиялық қызметті дамыту мен жаңғырту мәселелері көзделген.

Ішкі істер министрлігіне Жол картасының келесі іс-шарасын орындау жүктелген — «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суы басуынан қорғау» объектісінде қосымша бермаларды енгізу.

«Қазіргі уақытта жоспарды қаржыландыру шеңберінде 2017 жылғы 10 қыркүйектен ұзындығы 2,5 шақырым бөгеннің екі учаскесінде бермаларды құру бойынша жұмыстар басталды, орындалған жұмыстардың көлемі 80% астамды құрайды», - деп атап өтті Қ. Қасымов.

Қазгидрометке келесі жылғы тасқын кезеңінде қысқы-көктемгі кезеңде жетуі қиын жерлерде өлшеулер мен зерттеулер жүргізу үшін өтімділігі жоғары көлікті бөлу туралы шешім қабылдады.

Тасқыннан зардап шеккен Петропавл қаласында Үкімет резервінің қаражаты есебінен Кожевенный ауылындағы жалпы ұзындығы 3,1 км қоршау бөгенін жөндеу жүргізілуде.

«Бүгінгі күні атқарылған жұмыстардың көлемі шамамен 80%-ды құрайды және құрылыстың осындай қарқыны сақталған жағдайда, жұмыстар ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға қарай аяқталатын болады», - деп баяндады Қ. Қасымов.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов, су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында АШМ жанынан су тасқынына қарсы комиссия құрылды, барлық республикалық су қоймаларында кезекшілік кестесі бекітілді, бассейн инспекцияларына биыл қараша айының соңына дейін республикалық меншіктегі гидротехникалық нысандарды ықтимал су тасқыны қаупіне қатысты тексеруді аяқтау тапсырылды.

Отырыс барысында Ақмола облысының әкімі М. Мырзалиннің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Қ. Ақсақаловтың, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтің, Қарағанды облысы әкімі Е. Қошановтың, Алматы облысы А. Баталовтың, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың, Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаевтың есептері тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге барлық мәселелерді өңірлердің басшыларымен селекторлық кеңесте жете талқылауды тапсырды. Қаржы министрлігіне Жол картасы бойынша ақшалай қаражатты уақытылы бөлу мәселелері жүктелді. Су тасқынына қарсы қауіптің алдын алу бойынша Жол картасының орындалуын бақылау Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу