Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы жүктерді ауыстырып тиеуді бастады

Құрық портының жаңа терминалдық қуаттары іске қосылуда. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында белгілі болды.

2023 жылғы қыркүйек айының соңында Маңғыстау облысы Құрық портындағы "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының (КТТ) бас жүк терминалында жүктің бірінші партиясы қабылданды, ал қазан айының соңына қарай жалпы салмағы 4,5 мың тонна металл тиелген кемені жөнелту жоспарланып отыр. 

Құрық портындағы «Саржа» КТТ құрылысының жобасын бірнеше жыл қатарынан қазақстандық SEMURG INVEST атты девелопер-компаниясы жүргізіп келеді. Барлық жер үсті жұмыстары аяқталды, теміржол кірме жолдары, екі айлақ және жалпы жүк терминалы салынды. Жоба бірнеше терминалдың (астық, жалпы және сұйық жүк, әмбебап) және көлік-логистикалық кешеннің құрылысын қамтиды.

Жиында «SEMURG INVEST» ЖШС бас директоры Нұржан Марабаев атап өткендей, 2030 жылға қарай барлық «Саржа» ММТ терминалдарының құрылысын аяқтау Орта дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Каспий көлік-логистикалық тораптың құрамына кіретін Ақтау теңіз портында контейнерлік хабтың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Контейнерлік хаб «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының базасында құрылады, онда осы мақсаттарға 19 гектар жер телімі бөлінген. Құрылыс 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл нысанның іске қосылуы Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы жүк тасымалын жандандыруға, Қытайдан Еуропаға бағыт алған транзиттік жүктің бір бөлігін Транскаспийский бағдарына қайта бағыттауға және де «Түркіменбашы–Ақтау–ҚХР» контейнерлік желісін дамытуға мүмкіндік бермек.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметі бойынша, Қытайдың Ляньюньган теңіз порты контейнерлік хаб құрылысына инвестиция салуға мүдделі. Қытай портында тәулік сайын Қазақстанға қарай екі контейнерлік пойыз жасақталады. Болашақта Сианьдағы қазақстандық құрғақ порттың құрылысымен Ляньюнган арқылы Қазақстанға тауарлардың жүк ағыны айтарлықтай артады.

Каспий торабының толыққанды жұмысы үшін «Бейнеу–Маңғыстау» теміржол учаскесінің өткізу қабілетін арттыру қажет. Қазіргі уақытта ҚТЖ-да «Челябинск-Болашақ» теміржол магистраліндегі «тар жерлерді» жою бағдарламасы әзірленді, оның бір бөлігі – «Бейнеу-Маңғыстау» учаскесі. Қосымша жеті бөлек пункт пен екі жолды ставкалардың құрылысы жоспарланған. Осы шаралар тасымалдаудың күрделі учаскілерін жоюға жеткілікті болмақ. 

«Еуразияның көліктік шеңберінің негізгі элементі болып саналатын халықаралық «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің болашағы зор. Бұл Еуразиялық өндірістік кооперацияны дамытуға және Қазақстанды логистикалық хабқа айналдыратын жер. Мемлекет басшысы алдымызға осындай міндеттер қойды. Каспий теңізіндегі климаттық және экологиялық өзгерістерді, Құрық портында жаңа қуаттардың пайда болуын ескере отырып, аталған порттың көлік-логистикалық бағыттар тізбегін қайта құрудың маңызды бөлігіне айналуға толық мүмкіндігі бар. Оның әлеуеті зор», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ жедел жұмыс тобының отырысында жаңа көлік-логистикалық жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Алматыдағы E-Logistics хабын құру жобасы қарастырылды. 2030 жылға қарай Алматы агломерациясының 5 млн адамға дейінгі өсу әлеуеттін ескере отырып, өңірді агроөнеркәсіптік жүктерді шоғырландыру және бөлу өңіріне айналдыру қажет. Жаңа хабты құру үшін екі мысал қарастырылуда: «Ранжис» (234 га) француз агропроцессингтік хабы және ресейлік «Фудсити» (104 га). Орналасу аймағы – Алматы маңы. Құрылыс үшін әлеуетті инвесторлар бар.

ҚХР-дан жүк тасымалын ұлғайтуды және Алматы облысының ұйғыр ауданындағы «Көлжат» өткізу пунктін жаңғыртуды ескере отырып, «Құрғақ порт – Көлжат» халықаралық цифрлық көлік-логистикалық хабын салу жоспарлануда. Жоба 2023 жылдан 2027 жылға дейін 2 кезеңге бөлінді. Уақытша сақтау қоймаларын, көлікке арналған сервистік орталықтарды салуды, барлық қажетті мемлекеттік, брокерлік және қосалқы қызметтерді, тауарларды экспорттау орталығын көрсетуді қамтиды. Жобаға 8,5 мың га жер берілді.

Сондай-ақ жиында Серік Жұманғарин «Алатау» ИСЛК, «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы, «Орталық Азия» ШХЫО, Қорғас торабының жобаларын іске асыру барысын тыңдады. Келесі отырыста «Қорғас» ШХЫО дамыту тұжырымдамасын қарастыру туралы шешім қабылданды.

#Инвестициялар #Көлік #Логистика #Серік Жұманғарин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу