Министрлік алдында БАҚ рөлін, мәртебесін және жауапкершілігін нығайту бойынша бірқатар міндет тұр — А. Омаров

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту бойынша міндеттер қойды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров аталған тапсырмаларды іске асырудың негізгі бағыттары туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы атап өткендей, ашық ақпараттық кеңістік пен бәсекеге қабілетті отандық бұқаралық ақпарат құралдарын құруға ерекше назар аудару қажет. 

«Бүгінгі таңда Министрлік алдында бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін, мәртебесін және жауапкершілігін нығайту бойынша бірқатар міндет тұр», — деді А. Омаров. 

Осыған байланысты, Министрліктің жұмысы, ең алдымен, келесі міндеттерді шешуге бағытталатын болады:

Біріншіден, қоғамның сұраныстары мен мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қайта қаралатын болады. 

«Бұл процесс кең қоғамдық және сараптамалық талқылау негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен маңызды. Осылайша, журналистік қоғамдастықтың ағымдағы заңнамаға қатысты барлық өзекті мәселелері ескерілетін болады», — деді А. Омаров.

Екіншіден, азаматтық бақылауды жүзеге асыратын «төртінші билік» ретінде әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық бәсекелестік орта дамитын болады.

Үшіншіден, мемлекеттік ақпараттық жұмыс бойынша жаңа тәсілдер әзірленетін болады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ маңызды әлеуметтік мәселелерді шешудегі үкіметтік емес сектордың рөлін және азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жаңғырту қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты, министрлік қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру және құрамын жаңарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Қазіргі уақытта 102 қоғамдық кеңес құрылған, 111-і қалыптасу барысында.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, жаңартылған құрамдарды қалыптастыру кезінде белсенді ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерін, партиялар мен азаматтық белсенділерді барынша тарту ұсынылады.

«Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама дайындалады. Онда қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігіне және оның одан әрі дамуы перспективаларына талдау жасалатын болады», — деді А. Омаров.

Осыған қоса, министрдің айтуынша, біріншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы ҮЕҰ жобаларын жоспарлау тәсілі қайта сарапталады.

«Мәселен, қазіргі таңда Парламентте тиісті заң жобасы қаралуда, ол ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың сапасы мен ашықтығын айтарлықтай дәрежеде жақсартатыны анық», — деді А. Омаров.

Екіншіден, елді дамытудың өзекті міндеттері мен мәселелерін шешу үшін белсенді азаматтарды тарту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ҮЕҰ-ны оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне тарту тетіктері жетілдірілетін болады. 

Үшіншіден, Парламент қабырғасында азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимылының сапалы жаңа қағидаттарын қалыптастыратын «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы талқылануда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу