Қазақстанда Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылды

Қазақстан техникалық реттеу саласындағы интеграцияның дәйекті жақтаушысы болып табылады, бұл республиканың тиісті бейіндегі көптеген халықаралық ұйымдарға мүшелігінен байқалады. Еліміздің маңызды және танылатын сарапшылық пікірін әзірлеу және ҚР-ның техникалық реттеу саласында халықаралық алаңдардағы келіссөз ұстанымын күшейту мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап «ҚазСтандарт» РМК базасында Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылды.

Сенімділікті арттырудың, өнімділікті көбейтудің, сауда мен бизнестегі кедергілерді еңсерудің тиімді құралдарының бірі техникалық реттеу болып табылады. Техникалық реттеудің негізгі мақсаты – өндірілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің кепілі болып табылатын техникалық регламенттерді, яғни ТР қабылдау. Мұндай өнімдер үлкен сенімге ие, сондықтан Қазақстан үшін техникалық реттеу жай мақсатсыз мәселе емес.

Бірлестік құрамына көп жылдық жұмыс өтілі және бірегей тәжірибесі бар 20 бейінді салалық жоғары білікті техникалық сарапшылар – кәсіби шебер мамандар кірді. 

Орталықтың негізгі міндеттері айқындалды, бірақ онымен, келесі дискурспен шектелмейді.

Бірінші. Салалардағы техникалық реттеу деңгейін және кәсіпорындардың ЕАЭО техникалық регламенттерін енгізуге әзірлігін айқындау; сәйкестікті бағалау жөніндегі әдіснамалық жұмыс және техникалық регламенттердің нормаларын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу.

Екінші. Үйлестіру орталығының орталық мемлекеттік органдар жанындағы сарапшылық кеңестерге және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен өтетін Үйлестіру кеңесіне қатысуы арқылы ЕАЭО техникалық регламенттерінің жобалары бойынша елдік ұстанымды тұжырымдау.

Үшінші. ЕАЭО-да, атап айтқанда, ЕАЭО ТР әзірлеу жөніндегі ЕЭК Жұмыс тобының, ЕЭК Консультативтік комитетінің, ЕЭК Алқасының және ЕЭК Кеңесінің алаңдарында қазақстан ұстанымын ілгерілету.

Осылайша, Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы Қазақстан атынан техникалық реттеу мәселелерін халықаралық алаңдарда шешу кезінде келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, біздің еліміз үшін техникалық реттеу саласындағы басым міндеттерді пысықтауға, ҚР ұлттық мүдделеріне сәйкес техникалық реттеу саласындағы стратегиялық мақсаттар бойынша ұсыныстар әзірлеуге ықпал ететін болады.

Қазіргі заманғы саудада, әсіресе, халықаралық саудада, сатылатын өнімнің болуы ғана емес, сонымен қатар берілген стандарттарға сәйкес келетін сапалы өнімнің болуы маңызды. Техникалық реттеу саласы – өнім, технология және қызмет көрсету сапасын басқару саласындағы негізгі бағыт. Бұл нарықтық бәсекелестіктегі өндірістік сектордың, бизнестің және мемлекеттің мүдделерін қорғаудың бір түрі.

Экономикалық интеграция жағдайында шекаралар ашылады және сапа мен қауіпсіздіктің барлық стандарттарынан басқа кез келген кедергілер жойылады. Бұл жерде қандай да бір техрегламенттерді, олардың нормалары мен енгізу мерзімдерін қабылдауда елдік лобби маңызды рөл атқарады және ең бастысы одақтағы әріптестерімізден олардың «айнадай» орындалуын талап ету керек. Өйткені кішкене еркіндік берсең, 2011 жылы қабылданған «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламенті секілді әлсіз болады. 

Техрегламентте көптеген жылдар бойы шоколад деп аталатын тауарды, оны түрлерге қалай бөлуге болатындығын, қалай атауға болатындығын, қауіпсіздіктің нақты параметрлерін анықтайтын түзетулерді талқылауда болды. Техникалық регламенттердің қолданыстағы нормалары барлығын шоколад деп атауға мүмкіндік береді. Ал «шоколадты» сатып алушылар іс жүзінде пальма майымен (какаоның орнына), бірақ шоколад атауымен сатып ала алады. Тиісінше, барлық елдердің адал кондитерлері осындай сапасыз бәсекелестіктің салдарынан шығынға ұшырайды.

ЕАЭО-да әзірленетін техрегламенттердің қандай да бір нормасын қабылдаудан түрлі салаларға әлеуетті пайданы немесе залалды талдау үшін Сауда және интеграция министрлігі біздің сарапшылық пулымызды күшейту туралы шешім қабылдады. Олар «практикалық алаңның» білгірлері ретінде ел кәсіпорындарының ЕАЭО техникалық регламенттерін енгізуге әзірлігін бағалайтын болады және оларды әзірлеу кезіндегі тәуекелдерді дер кезінде байқап, бағалай алады. 

 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің миссиясы өнімнің, көрсетілетін қызметтердің және процестердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылыстыруға әкеп соғатын іс-қимылдардың алдын алу, Қазақстан Республикасы азаматтарының, заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін және экономикасын бұрыс өлшеу нәтижелерінің салдарларынан қорғау болып табылады.

Комитет техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асырады.

Сонымен, а.ж. 6 айы ішінде  Комитеттің департаменттері 189 тексеру жүргізді, 109 жағдайда бұзушылықтар анықталды, бұл 58% құрайды.

Тексеру қорытындысы бойынша 91 нұсқама беріліп, 34 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, ЕАЭО-ға мүше елдер берген 4 сертификат пен декларацияның күші жойылды (тамақ, ЖҚҚ, ойыншықтар) және 5 «күңгірт» жалған сертификаттың (жеңіл өнеркәсіп) жолы кесілді.

Болған өзгерістерді, атап айтқанда, Комитеттің құзыреті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде заңнамалық бекітілгенін есепке алғанда, Комитеттің алдында үлкен міндеттер тұр. Бақылаудағы өнімнің 120 тобын, 180 мың шаруашылық жүргізуші субъектіні (статистика порталының деректері бойынша), 1 мыңнан астам аккредиттеу субъектісін, «Атамекен» ҰКП-сын және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі 40-тан астам сараптамалық ұйымды қамти отырып, бармай профилактикалық бақылау механизмі іске қосылады. 

400 мыңнан астам бақылау және қадағалау субъектілеріне, оның ішінде 129 мыңнан астам көтерме және бөлшек сауда субъектілеріне және 38,2 мың метрологиялық кәсіпорындарға бару зергерлік бұйымдардың өткізілуін және сынамалық палаталардың қызметін (1,1 мыңнан астам өткізушілерді) бақылау үшін айтарлықтай жұмыс көлемі атқарылады. 

«Е-терезе» жұмысы шеңберінде МКК-дан келіп түсетін импортталатын өнімдер жөніндегі деректерді сертификаттар (декларациялар) тізілімімен тексеру жүзеге асырылады, бұл тізілімді дұрыстығы тұрғысынан ҰАО жүргізеді. 

Бүгінгі таңда өнімнің қауіпсіздігі мен өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету өндірушілердің, импорттаушылардың, сатушылардың, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі органдардың, зертханалардың қызметімен тікелей байланысты, осыған байланысты әрқайсысы техникалық реттеу саласындағы заңдардың талаптарын сақтауы қажет.

 ҚР СИМ отандық бизнеске қажетті жекелеген тауарларға кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін төмендету бойынша жұмыс жүргізілді. 

Өнімнің өзіндік құнын төмендету және қазақстандық тауардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, сондай-ақ металлургия кәсіпорындарына қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған қаржылық-өндірістік көрсеткіштерді болжауға мүмкіндік беру үшін Министрлік өндірушінің өтініші негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында қымыздық қышқылына қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін төмендетуге бастамашылық жасады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен келіссөздер қорытындысы бойынша қымыздық қышқылына қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін 2 жыл мерзімге 0% мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылданды.

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін төмендету өндіріс көлемін ұлғайтуға және өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, өндіріс рентабельділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бажды жоюдан үнемделген ақша қаражаты сирек кездесетін металдардың ұжымдық концентраттарын өндіру технологиясын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, бұл әлемдік нарықта өндірушінің қазақстандық экспорттық өніміне деген сұранысқа оң әсер етеді.

Бұдан басқа, «Sachiko-Olzha Products» ЖШС отандық жөргек өндірушілерін қолдау мақсатында Ресейдің шикізат тауарына – суперабсорбентке нөлдік бажды ұзарту туралы ұсынысын қолдады. Өндірушінің ақпараты бойынша суперабсорбентке 0% мөлшерлеме компанияға түсімді орта есеппен 30%-ға, жөргектерді сату көлемін 20%-ға арттыруға, экспортты ұлғайтуға және қызметкерлер штатын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Жалпы, Қазақстаннан Ресей Федерациясына, Өзбекстан мен Тәжікстанға жөргек түріндегі дайын өнім экспортының артқаны байқалады. 

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекарада бірлескен индустриялық сауда-логистикалық кешендерді (ИСЛК) құру және қызмет ету Тұжырымдамасына қол қойылды.

Жаңа индустриялық-логистикалық хабтар құру жөніндегі уағдаластыққа Мемлекет басшыларының өзара сапарлары мен ағымдағы жылдың сәуір айының басында өткен Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық Кеңесі отырысының қорытындылары бойынша қол жеткізілді.

Трансшекаралық ынтымақтастық орталықтары екі ел экономикаларының нақты секторындағы өзара сауда мен екіжақты жобаларды ұлғайту үшін жаңа өсім нүктесі ретінде қаралады.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Экономика және қаржы министрі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекарада бірлескен индустриялық сауда-логистикалық кешендерді (ИСЛК) құру және қызмет ету Тұжырымдамасына қол қойды.

Жаңа индустриялық-логистикалық хабтар құру жөніндегі уағдаластыққа Мемлекет басшыларының өзара сапарлары мен ағымдағы жылдың сәуір айының басында өткен Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық Кеңесі отырысының қорытындылары бойынша қол жеткізілді.

Трансшекаралық ынтымақтастық орталықтары екі ел экономикаларының нақты секторындағы өзара сауда мен екіжақты жобаларды ұлғайту үшін жаңа өсім нүктесі ретінде қаралады.

Орталықтардың аумағында жергілікті және шетелдік бизнесті тарту, инвесторлар үшін жеңілдіктер беру арқылы бірлескен өндірістерді дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Бірінші кезеңде Қазақстан тарапы Қазақстанның Жамбыл облысы мен Қырғызстанның Шу облысы арасында орналасқан өткізу пункттерінің аумағын қарастырады.

Бұл ретте Қазақстан тарапының индустриялық-логистикалық кешенге белгіленген болжамды аумақты кеңейту мүмкіндігі бар. Осылайша, жұмыс істеп тұрған «Қарасу» өткізу пунктінің жұмысын жетілдіру, іргелес инфрақұрылымды жаңғырту және Орталықты өңірлік тауар өткізу желілеріне қосу жоспарлануда.

Жоба «Алматы-Бішкек» Халықаралық экономикалық дәлізінің орбитасына да кіреді.

ИСЛК қызметіндегі басымдықтар:

  • өндірістік кооперация, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру;
  • азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін қоса алғанда, жоғары бәсекелестік артықшылығы бар халық тұтынатын тауарлар шығаруды ұлғайту;
  • логистика мен инфрақұрылымды жақсарту;
  • жаңа технологияларды тарту;
  • ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілері арасында өзара әрекеттестікті жүзеге асыру бойынша жағдайлар жасау;
  • жаңа технологияларды енгізе отырып, халық тұтынатын тауарлар шығару жөніндегі бірлескен кәсіпорындар құру.

Бірлескен Қазақстан-Қырғыз индустриялық сауда-логистикалық кешендерін құру экспортқа бағдарланған тиімді жобаларды жүзеге асыруға және экономиканың жекелеген салаларының, оның ішінде өндіріс пен сатылымдарды басқарудың озық технологияларын пайдалану есебінен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. ИСЛК құру айтарлықтай шикізат көлемі мен дамыған инфрақұрылымы бар экономикалық тартымды өңірде өндірістік желілерді орналастыруды және тұтастай алғанда, жаһандық нарықтардағы елдер нарығының үлесін кеңейтуді мүмкін етеді.

ИСЛК-ны өңірлік тауар өткізу желілеріне қосу шикізатты жеткізуге және дайын өнімнің өзіндік құнын бір мезгілде азайта отырып, дайын өнімді өткізуге тікелей келісімшарттар жасасуды қамтамасыз етеді. ИСЛК базасында тауарларды сату алдындағы дайындық және сату технологиясы бойынша бірыңғай стандарттарды әзірлеу, сонымен қатар, трейдерлермен және әртүрлі халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынастар мен ынтымақтастық орнату да екі елдің ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу