Оқу жылының басынан бері барлық ЖОО АТ саласындағы стандарттарды ескеріп, білім беру бағдарламаларын жаңартты — Е. Сағадиев

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында цифрлық экономикаға мамандар даярлау шаралары талқыланды.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орта білім берудегі АТ-құзыреттілікті арттыру аясында мектептерде «Робот техникасы» таңдамалы курсы енгізілетінін баяндады. 2016–2017 оқу жылында робот техникасы бойынша 372 үйірме, сондай-ақ 397 мектепте 397 робот техникасы кабинеті ашылды. 2 500 информатика мұғалімі робот техникасы, робот техникасын жүзеге асыру жағдайында АТ бойынша теориялық және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Техникалық және кәсіптік білім берудегі АТ-құзыреттілікті арттыру аясында ағымдағы жылы жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша «Ақпараттық қауіпсіздік» жаңа мамандығы қосылды. Бұл мамандық бойынша қабылдау 2018 жылдың 1 қыркүйегінен басталады.

Қазіргі уақытта ТжәнеКБ ұйымдарында екі мамандық аясында «Информатика және есептеу техникасы» бағыты бойынша оқыту жүргізіліп жатыр: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», ол сегіз құзыреттен тұрады, және «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)» — үш құзырет.

Ақпараттық теңсіздікті азайту бағдарламасы аясында 9,7 мыңнан астам оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері біліктілікті арттырудан өтті. «Nurecom LTD» компаниясының  демеушілік көмегімен Pasco, Boxford, Promethean, LG шетелдік компанияларында 360 өндірістік оқыту шебері мен арнайы пәндердің оқытушылары біліктілікті арттырудан өтті және халықаралық сертификат алды.   

Барлық 16 өңірде интерактивті білім беру жабдығын қолдану бойынша оқу орталықтары құрылды, онда 3 564 астам инженерлік-педагогикалық қызметкер біліктілікті арттырудан өтті.

Барлығы РКК Рогаланд (Норвегия), In Went (Германия), GTZ (Германия) халықаралық жобалары аясында 360 педагогикалық қызметкер жетекші шетелдік оқу орталықтарында біліктіліктерін арттырды.

Сондай-ақ, өндірістік оқыту оқытушылары мен шеберлері онлайн режимінде кәсіби шеберлік сабақтарын жүргізеді. Порталда (elp.kz) онлайн сабақтардың, ТжәнеКБ оқытушыларының мәліметтер базасы құрылды.

АТ-құзыреттілікті арттыру саласында жоғары білім беруде кадрлар даярлау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: 84 ЖОО-да «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Математикалық және компьютерік модельдеу», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» және жеті ЖОО-да «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері».  

«Болашақ» стипендиясы аясында «Ақпараттық технологиялар және жүйелер» бағыты бойынша 951 адам және түлектердің жалпы санының 10,1% оқытудан өтті, оның ішінде бағдарламалар бойынша: бакалавриат — 510, маманданым — 20, магистратура — 386, докторантура — 6, тағылымдама — 29. Қазіргі уақытта 59 адам «Ақпараттық технологиялар және жүйелер» бағыты бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Нидерланды, Сингапур, Австралия, Канада, Германия, Жапония және Ресейде магистратура бағдарламалары бойынша оқып жатыр.  

2016 жылдан бастап бакалавриат стандартына жалпы білім беру пәндері циклінің міндетті компонентіне «Ағылшын тілінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді. Осыған байланысты аталған пән бойынша базалық оқулық әзірленді. ЖОО-лардың информатика бойынша үш жүз оқытушысы күшейтілген тілдік курстардан өтті.

ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларын ЖОО-лар әрекеттегі стандарттар аясында өздері әзірлейді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге шетелдік серіктес-ЖОО-лар және жұмыс берушілер тартылады. 2015 және 2016 жылдары ИИДМБ-ге қатысушы 11 базалық ЖОО 48 инновациялық білім беру бағдарламасын әзірледі.

2017–2018 оқу жылының басынан бері барлық ЖОО-лар АТ саласындағы 10 бекітілген кәсіптік стандарттарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңартты. Сондай-ақ, онлайн режимде оқыту кеңінен таралып келеді.

Осылайша, 8 университет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында ЖАОК (жаппай ашық онлайн курстарды) ілгерілету бойынша консорциум құрды. Ағымдағы жылы аталған консорциумға тағы төрт ЖОО қосылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу