Коммуналдық қызмет тарифтері монополистер жұмыстарының сапа, сенімділік және тиімділік көрсеткіштеріне байланысты болады — ҚР ҰЭМ

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин тариф қалыптастыру айқындығын арттыру мен халыққа тарифті төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

2015 жылдан бастап Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда 5 және одан да көп жылға әрекет ету мерзімімен шекті ұзақмерзімді тарифтердің жаңа саясаты енгізілді. Соның нәтижесінде аталған салаға 1,02 трлд теңге инвестициялар, соның ішінде ТКШ саласына 684 млрд тг тартылды, олар толықтай дерлік (98%) бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырылды.  

С. Жұманғариннің айтуынша, 2021 жылға дейін табиғи монополиялар саласына 2,2 трлн теңгеге жуық, соның ішінде ТКШ саласына 1,3 трлн тг жуық тартылады деп күтілуде. ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, бұған дейін ешқандай бағдарлама осындай қаражат сомасын тартқан емес.

Қабылданған шаралар алғаш рет коммуналдық инфрақұрылымның тозуын тоқтатумен қатар, оны азайтуға мүмкіндік берді. Тозу көрсеткіші 66%-дан 64,9%-ға дейін азайды. Нормативтік-техникалық шығындар төмендетілді.

«Аталған саясат өзін толықтай ақтады. Біз уәкілетті орган ретінде осы саясаттың одан әрі жүргізілуіне жауаптымыз және субъектілердің осы қарқынды жоғалтып алуына жол бермеуіміз керек. Сондықтан да, біз жүргізген жұмыстар (еск.– коммуналдық қызметтер тарифтерін төмендету) табиғи монополиялардың шығынға батуына әкеліп соқпайды», — деп сендірді С. Жұманғарин.   

Вице-министр жеткізген ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында ұйымдастырылған жоспардан тыс тексерістерді, қоғамдық қабылдауларды дәне басқа да жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде ішкі қорлар анықталған. Бұдан өзге, С. Жұманғарин табиғи монополиялардың кейбір субъектілері өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін білдірген. Мәселен, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өздерінің бөлімшелерінің көбісінде газды тұтынушыларға өткізу қызметінің бағаларын ерікті түрде төмендеткен. Сонымен бірге, Энергетика министрлігі газдың көтерме бағасын азайтқан, газбен жабдықтаудың түпкілікті бағасы 40% төмендеген.

Сонымен қатар, вице-министр бұл мәселедегі ең маңыздысы — ұсынылатын қызметтердің сапасы.  

«Табиғи монополиялар туралы» жаңа заңда біз алғаш рет “тариф қалыптастырудың ынталандырушы тәсілі” түсінігін енгіземіз. Яғни, тариф және субъект иелік ететін кіріс сапа, сенімділік және тиімділік көрсеткіштеріне байланысты болады. Субъект өтінім беру кезеңінің басында пайыздық қатынаста сапа мен сенімділіктің қандай көрсеткіштерін көздейтіні туралы мәлімдейді. Бұл миллиондаған теңгеде белгілі бір кіріске қатысты болады. Жетпеген жағдайда, тариф миллиондаған теңгеге азаяды, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып азаяды. Яғни, субъект шығынға батады», — деді вице-министр.   

С. Жұманғарин табиғи монополиялар субъектілері өз міндеттерін бұзған жағдайда тұтынушылар тиісті өтінімдермен уәкілетті органдарға жүгіне алатынын еске салды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу