Интеллектуалды бейне-сараптау жүйесін енгізу ХҚКО бөлімшелеріндегі жүктемені автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді

2017 жылғы жұмыс қорытындылары, Мемлекет басшысы Жолдауының «Тиімді мемлекеттік басқару» сегізінші бағытында белгіленген міндеттерді ескергендегі жаңа жылға міндеттер туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтып берді.

Ұлт жоспарының 100-қадамын іске асыру аясында Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірыңғай провайдері ретінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, оның ішінде жылжымайтын мүлік, жер кадастрын жүргізу, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қызметтер бар.

«Жыл сайын 37 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олардың 24 млн жуығы электронды форматта. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін бақылау үшін Ситуациялық орталық жұмыс жасайды», — деді Абылайхан Оспанов.

Ситуациялық орталықты дамыту аясында Интеллектуалды бейне-сараптау жүйесін енгізу жоспарланған, ол ХҚКО бөлімшелеріндегі жүктемені автоматты түрде анықтауға, штаттан тыс жағдайлардың пайда болуы және алдын алу тұрғысынан талдау жүргізуге, сондай-ақ қажетті бейнежазбаларды тез іздеу үшін бейне-мұрағат құруға мүмкіндік береді.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының жобасын іске асыру аясында мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті қағидасына көшу жоспарланған, бұл қызмет көрсетуді міндетті келусіз-ақ, толығымен электронды форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

Мысалға, 2017 жылғы 29 желтоқсаннан бастап бала тууына байланысты проактивті қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Аталған пилоттық жоба үйден шықпай-ақ, бала туу туралы куәлікті алуға, оны балабақшаға кезекке қоюға және әлеуметтік жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда жас аналарға қарапайым ұялы телефон мен мобильді азаматтар базасында тіркелген жұмыс істейтін абонетттік нөмірі болса, жеткілікті. Оған қоса, мемлекеттің азаматпен өзара іс-қимылы СМС-хабарлама арқылы автоматты режимде, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ жүзеге асырылады», — деп түсіндірді Абылайхан Оспанов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта сот шешімімен неке бұзу кезінде, құқық иесі мәліметтерінің өзгеруі және/немесе жылжымайтын мүлік нысандарының сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі кезінде, сондай-ақ зейнетақы жинақтары сақталуының мемлекеттік кепілдерін төлеу кезінде, мүгедектікті анықтау және атқару өндірісі қозғалған кезде проактивті қызмет көрсету қағидасын енгізу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың басында «Цифрлық ХҚКО» ашылды, ол цифрлық технологиялар қолданумен электронды мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Бұдан өзге, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорация веб-сайт форумын іске қосты, ол халықпен кері байланыс орнату, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды алуға, талқылаулар үшін, сондай-ақ кез келген азамат тарапынан ескертулер мен ұсыныстарды алу үшін ашық алаң болмақ.   

«Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетулердің, бизнес үдерістерге заманауи тәсілдерді енгізу, қызметтерді электронды форматқа көшіру және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша қалыптастқан үлгіні өзгерту бойынша белсенді жұмыс жалғасады», — деп қорытындылады Абылайхан Оспанов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу