Бізге менталдық ерекшеленуден, даңғойлық пен боямалықтан ада ашық қоғам керек – Ғани Нығыметов

Біздің қоғам дамыған елдермен тең болуы үшін ашық, өзінің ескі құрылымдары мен дүниетанымында тұйықталып қалмаған, бір орында тоқтап қалмайтын болуы тиіс. Қоғамға менталдық ерекшеліктерден, даңғойлық пен боямалықтан арылу керек. Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов халықаралық «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында РrimeМinister.kz-пен осындай пікірімен бөлісті.

Ғани Нығыметов Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы дүниетанымдық екенін және бірнеше буынға алдын-ала есептеліп жазылғанын атап өтті. Себебі ойлау түсінігі мен сананы өзгерту – бұл бір күндік әрі бір жылдық жұмыс емес. Тұтастай буын алмасуы тиіс.  

Бұдан өзге, сарапшы аталған қоғамдық сананың жаңғыруын заманауи Қазақстанда жарияланған көлемді жаңғырулардың бірі деп есептейді. Егер қазақстандықтардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ 82%-ы, өзгерістерге дайын болып, оны түсінсе, қалған бөлігі оларды қалай іске асыруға болатынын түсінбейді. 

«Халық жұмысты өзінен бастау керек екенін түсінуі қажет. Тек қана мемлекеттік аппарат немесе билік институттары жаңғыртылмауы керек. Біздің ойлау түсінігіміз, діліміз жаңғыруы тиіс. Біздің қоғам барлығы өз қолымызда екенін түсінуі қажет. Егер өмірімізде жақсы өзгерістердің болғанын қаласақ, онда бүгіннен бастау керек. Мақала осы жайында жазылған», – деді Ғ. Нығыметов. 

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, қоғам ашық және еш менталдық ерекшеліктері мен даңғойлықсыз, икемді болуы тиіс. 

«Бүгінгі таңда жастар шет елдерге барады, қоғамда не болып жатқанын көреді. Дәл осындай халық бізге қажет.

Ашық, өздерінің ескі құрылымдары мен дүниетанымында бүгіліп қалмаған, бір орында тұрмайтын болуы керек. Ол дамыған елдерге қарай қозғалуы қажет. Бізге не кедергі келтіреді? Бізге әдеттеріміз, қасиеттеріміз бен менталдық ерекшеліктеріміз кедергі. Оларды өзгертпестен, дамыған елдермен қатарласа алмаймыз. Үлкен тойларды өткізгенді, боямашылықты, даңғойлықты ұнатамыз. Сонымен қатар діни көзқарастары прогрессивті ойлауға сай келмейтін халық тобы да бар. Осының бәрі бізге тосқауыл болады. Ондайдан құтылғанымыз абзал. Біз білім алып, дамып, алға қарай ілгерілеуіміз қажет», – деді ол.

Сонымен қоса, ол Еуразиялық интеграция институты бүгінгі таңда заманауи қоғамның көңіл-күйі мен құндылықтарын, жаңғыруға бөгет болатын факторларды зерттеп жатқанын атап өтті. 

«Біз халықты тыңдап, адамдарды не толғандыратынын түсінгіміз келеді. Түрлі әлеуметтік сауалнамалар жүргізіп жатырмыз. Осының бәрін ұсыныс түрінде ҚР Президентінің әкімшілігіне, ҚР Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға жеткізуді көздеп отырмыз. Биліктің жұртшылықтың нені қалайтынын нақты сезінуі үшін, біздің мемлекеттік органдар ақпараттандырылған шешімдерді қабылдаса екен дейміз. Біз қоғам мен билік арасындағы байланыс арнасы боламыз», – деді сарапшы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу