Заңнамалық өзгерістер МЖӘ жобаларын іске асыруда бизнесмендердің мүмкіндіктерін кеңейтеді

Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ өкілдері Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту туралы айтты.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаевтың айтуынша, МЖӘ туралы заң қабылданған күннен бастап екі жыл өтті. Қазіргі таңда жалпы 880,2 млрд теңге сомаға мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 547 жобасы тіркелген, олардың 116-сы келісімшарт жасасу кезеңінде, қалған 431-і – жоспарлау мен іске асырудың әр түрлі кезеңдерінде.

«МЖӘ туралы заң екі жыл әрекет етіп келеді. МЖӘ институтының тиімді екенін уақыт көрсетті және енді қолданыстағы тетіктерді жетілдіру қажет», — деді Талғат Матаев.

МЖӘ тетіктерін тарату мақсатында үлкен жұмыс жасалды, бизнесмендердің ұсыныстары ескерілді және әріптестікті дамытудың әлдеқайда икемді құралдары әзірленді. Барлық ұсынымдар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңнамада көрініс тапты. Заң жобасын Мәжіліс мақұлдады және қазіргі уақытта ол Парламент Сенатында.

Аталған өзгерістердің негізгі мақсаты — бизнесмендер үшін мемлекеттің серіктесі болуға мүмкіндіктерді кеңейту және қысқа мерзімде маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру.

Заңнамаға сәйкес, МЖӘ жаңғырту тетіктері тоғыз тармақтан тұрады. Заңға түзетулерді қабылдау және инвесторларды көптеп тарту МЖӘ жобаларының құрылымдық қоржынын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде МЖӘ жобаларының ең көп саны білім беру және денсаулық сақтау салаларында іске асырылуда.

«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов Астанада 29-30 қарашада өтетін МЖӘ бойынша «Лайфхактар. Үздік практикалар» алғашқы қазақстандық форумы туралы айтты. Бұл іс-шараға қазақстандық бизнесмендер, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Түркия және біздің елге қызығушылық танытқан басқа да мемлекеттерден келген шетел инвесторлары қатысады.  

Анықтама: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң 2015 жылы 31 қазанда қабылданды. МЖӘ-нің негізгі мақсаты — мемлекет пен бизнестің ресурстары мен тәжірибесін біріктіру арқылы қоғам мүддесіне қарай инфрақұрылымды дамыту, экономикалық субъектілерге жоғары сапалы қызметтер ұсынған жағдайда аз шығын мен тәуекелі бар қоғамдық маңызды жобаларды іске асыру. Мұндай серіктестіктің мемлекет үшін артқышылықтары: бюджет қаражатын үнемдеу, МЖӘ нысандарын корпоративтік басқаруды енгізу және инфрақұрылымды дамыту. Жекеменшік сектор өз кезегінде мемлекеттік қолдауға, тікелей келісімдерге, секвестер қорғауына, валюталық тәуекелдерді қамтуға және халықаралық арбитражға ие болады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу