29 Қыркүйек 2016, 14:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1) осы өкімге1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес;
2) осы өкімге2-қосымшаға сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес;
3) осы өкімге3-қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес;
4) осы өкімге4-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия;
5) осы өкімге5-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия;
6) осы өкімге6-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
7) осы өкімге7-қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия.
2. Қоса беріліп отырған мынадай консультативтік-кеңесші органдардың ережелері бекітілсін:
1)Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже;
2) Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже;
3) Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже;
4) Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ереже;
5) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
7) Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже.
1) «Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңестің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға»;
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі».
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу