Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №177 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі №466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар»;

3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) орталық депозитарий – «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Қазынашылық міндеттемелерді шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, оларға қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзгеше көзделмесе, эмитент қайталама нарықта нарықтық баға бойынша қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымның бүкіл немесе ішінара көлемін сатып алуға және оларды өтеуге құқылы.

Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент эмитенттің қазынашылық міндеттемелерінің айналысы кезеңі ішінде жүзеге асырады.

Сатып алынған қазынашылық міндеттемелерді сақтау орталық депозитарийде жүзеге асырылады.

Қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады, онда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында кері сатып алуды жүргізу үшін қажетті тәртіп қамтылады.

Қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымының бір бөлігін немесе бүкіл көлемін сатып алу туралы эмитенттің шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына жеткізіледі. Орталық депозитарий және қаржы агенті осы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға хабарлайды.

Қазынашылық міндеттемелерді сатып алу қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымын кері сатып алудың көлемі мен шарттарын эмитент қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылармен келісу арқылы айқындайды.

Қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Эмитенттің қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу туралы шешімі эмитенттің және қаржы агентінің ресми сайтында жарияланады.»;

16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16-1. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің айналыстағы белгілі бір шығарылым(-дар-)ын эмитент белгілеген тәртіппен осы қазынашылық міндеттемелердің барлық ұстаушыларының келісімі бойынша нарықтық немесе өзге құны бойынша қазынашылық міндеттемелердің жаңа шығарылымына алмастыруды жүзеге асыра алады. Қазынашылық міндеттемелерді алмастыру оған тілек білдірген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларда ғана жүргізіледі.

Айналыстағы қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымын қазынашылық міндеттердің жаңа шығарылымына алмастыру туралы эмитенттің шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына осындай сатып алу күніне дейін 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын жеткізіледі. Қаржы агенті, өз кезегінде осы хабарламаны алғаннан кейін бес (5) жұмыс күні ішінде бұл туралы бастапқы делдалдарға хабарлайды.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер»;

6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6-тарау. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер»;

7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-тарау. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер»;

8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-тарау. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер»;

9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«9-тарау. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер»;

10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«10-тарау. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер»;

97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«97. Жазылудың жүргізілуі кезеңінде агент жұмыс күні ішінде өтінімдер қабылдауды жүргізеді. Келесі күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11.00-ге дейін агент қабылданған және қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық ведомосын қалыптастырып, эмитентке және бастапқы орналастыруға арналған бұйрықтарды орталық депозитарийге жібереді.

Орталық депозитарий қабылданған бұйрықтардың негізінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті қосалқы шоттарға есепке жазады және сол күнгі Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12.00-ге дейін бұйрықтардың орындалуы (орындалмауы) туралы есептерді агентке жібереді.»;

109 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«109. Сыйақы төлейтін күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша ақшаны теңгемен алдағы сыйақы төлеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада орталық депозитарийдің позициясына аударады.

110. Сыйақы төлейтін күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат
17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 108-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес эмитенттен түскен ақшаны депоненттерге аударады.»;

115 және 116-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«115. Өтеу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейін эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша ақшаны теңгемен алдағы өтеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомада орталық депозитарийдің позициясына аударады.

116. Өтеу күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 114-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес ақшаны депоненттерге аударады және бір мезгілде ұстаушылардың қосалқы шоттарынан өтелетін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді есептен шығарады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу