Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №12

04 желтоқсан 2016, 00:33

2016 жылғы 28 қараша-3 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Бұл аптада Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен тиімді жұмыспен қамту, елдегі жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа тәсілдер талқыланды және қабылданды.

Сол күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Онда Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының тұжырымдамасы таныстырылды. 

Сонымен бірге, Үкімет басшысы «Cisco Systems» компаниясының жетекшілігімен кездесіп, компанияның Қазақстандағы «ақылды» қалалар, білім беру, көлік, денсаулық сақтау, қауіпсіздік салаларындағы бірқатар жобаларға қатысу мәселесі талқыланды.

Жұма күні Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті. Кездесу барысында қос тарап Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Сенбі күні Бақытжан Сағынтаев Индустрияландыру күні аясында болатын Үкімет пен облыс әкімдерінің Мемлекет басшысымен есеп беру кездесуінде дайындық барысымен танысты.