Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №13

10 желтоқсан 2016, 15:48

2016 жылғы 5-10 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индустрияландыру күні аясында өткізілген іс-шараларға қатысты.

«Қазмедиа орталығында» Премьер-Министр «Алтын сапа» ҚР Президенті Сыйлығының лауреаттарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.

«Қазмедиа» орталығында «Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығының лауреаттарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінен кейін Мемлекет басшысының қатысуымен 23 индустриялық жоба таныстырылған Жалпыұлттық телекөпір өтті.

Осы күні мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері, жекешелендірудің жүргізілу және мүлікті заңдастыру акциясының барысы талқыланған, сонымен қатар «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметі Қаулысы қаралып, қабылданған ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Премьер-Министр Қазақстан Республикасындағы Катар Елшісі Ахмад бен Әли әл Тамимимен кездесу өткізді.

Сәрсенбі күні Премьер-Министр «Airbus Group» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аэроғарыш және қорғаныс саласындағы ортақ жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Бейсенбі күні Бақытжан Сағынтаев Чехияның өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младекпен кездесті.

Осы күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының отырысына қатысты.

Сондай-ақ, осы аптада Үкімет басшысы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Жұма күні Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді.

Осы күні Премьер-Министр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Этномәдени бірлестіктер фестиваліне қатысты.