Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №24 

13 наурыз 2017, 09:18

2017 жылғы 6-11 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада Ақордада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қою рәсімі өтті. 

Дүйсенбі күні, 6 наурызда, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты. Онда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданды. 

Сол күні, 6 наурызда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. 

6 наурызда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕАҮК) кезекті отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды. 

ЕАҮК аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Қырғызстанның Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен келіссөздері өтті. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ, Премьер-Министр Б. Сағынтаев делегациялардың басшыларымен бірге Қырғызстанның Президенті А. Атамбаевпен кездесті. 

Бейсенбі күні, 9 наурызда Премьер-Министр Б. Сағынтаев Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссия отырысын өткізді. ҚР Индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, Республикалық индустрияландыру картасын өзекті қылу мәселелері талқыланды. 

Сол күні, 9 наурызда ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру сұрақтарына арналған баспасөз конференциясы өтті. Мектепке дейінгі тәрбие, орта және жоғарғы білім беру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев есеп берді. 

Жұма күні, 10 наурызда ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы журналистердің сұрақтарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова жауап берді.  

Сонымен қатар, 10 наурызда Премьер-Министр Б. Сағынтаев Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Онда елдегі жұмыспен қамту саласын жетілдіру мәселелері талқыланды.