Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №25

20 наурыз 2017, 11:45

2017 жылғы 13-18 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада, 14 наурызда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.

Сондай-ақ, осы аптада Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумын ұйымдастырып, өткізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Сейсенбі күні Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев компанияның Президенті және Бас атқарушы директоры Йохан Деннелинд бастаған «Telia Company» өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық технологияларды қолданумен жаңа индустриалды бағыттарды дамыту саласында компаниямен ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Сол күні, 14 наурызда Премьер-Министр Б. Сағынтаев пен ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары М. Тәжин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, онда облыс мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты. Отырыс барысында Премьер-Министр Б. Сағынтаев мәслихат депутаттарына бағытталған, облыс әкімінің лауазымына Е. Тоғжановтың кандидатурасын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берді. Депутаттар бірауыздан Президент ұсынған кандидатураны қолдаған соң, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев облыс әкімдігінде жаңа әкім Е. Тоғжановты таныстырды

Сонымен қатар 14 наурызда ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында аталған тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде дәстүрлі баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов жауап берді. 

Сәрсенбі күні, 15 наурызда Премьер-Министр Б. Сағынтаев «Tele2 AB» компаниялар тобының президенті Элисон Киркбимен кездесу өткізді. Кездесу барысында телекоммуникация саласын дамытудағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.   

Сол күні, 15 наурызда Премьер-Министр Б. Сағынтаев Катардың Орталық банкінің төрағасы шейх Абдулла Бин Сауд Аль-Тани бастаған Катардың қаржы ортасының өкілдерімен кездесу өткізді

Бейсенбі күні, 16 наурызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысты. Облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларымен және кәсіпкерлермен кездесу барысында бизнес ортаны дамытудың келешегі талқыланды.  

Жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Шығыс Қазақстан техникалық университетіне барды, онда ғылыми сала жұртшылығымен кездесіп, ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты. 

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының екінші күнінде Б. Сағынтаев Семей қаласына барды, онда Халықаралық әуежай мен ЖЭО-1 қайта құру жұмыстарының барысымен танысты. Семейдегі күн тәртібінің басты шарасы - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қала жұртшылығымен өткізілген кездесу болды. Бақытжан Сағынтаев кездесу қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалар мен ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың мәнін түсіндірді. 

Сенбі күні, 18 наурызда ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша сатып алулардың бірыңғай жүйесін құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, онда сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысының отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында айтылған ұсыныстар қаралды.

Сол күні, 18 наурызда ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Н. Уяныкпен кездесу өткізді.