Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30%-ға жетті

22 тамыз 2017, 12:53

Индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстары нақты нәтижелер беруде – осындай пікірімен ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев бөлісті.

Ол индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – өндірісті әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібі секторының өсімі екенін айтты.  

«Біздің экономика әртараптандыруды талап ететінін білесіздер. Бірнеше жыл бойы осы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Айқын нәтижелері бар. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі жыл сайын байқалуда», - деді вице-министр.

Сонымен, бүгінде ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12%-ды құрады, ал жалпы экономикада 30%-ға жетті. А. Айдарбаев оған дәлел ретінде жаңа жұмыс орындарының ашылуын, өнеркәсіп өнімдерінің шығарылу көлемінің артуын және жалпы ел экономикасындағы үлестің сәйкесінше ұлғайтылғанын айтып өтті.