Бақытжан Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

21 қыркүйек 2017, 12:00
Фото: PrimeMinister.kz

Кеңес барысында қатысушылар 2025 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық жоспарының жобасын талқылады.

Талқылауға «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, «Ракурс» Экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Стратегиялық бастамалар орталығының» аға серіктесі О. Құдайбергенов, «Қоғамдық проблемаларды талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, «Сентрас» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Астана» Халықаралық ғылыми кешені» орталығының жетекшісі А. Боранбаев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү. Шаяхметова, ҚР Салық төлеушілерінің қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы Ж. Ертілесова, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов және басқалары қатысты.

Анықтама:

ҚР дамуының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспары Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан 2050» ұзақмерзімді Стратегиясын іске асыру жолындағы елдің ортамерзімді перспективадағы дамуының жүйелі және тұрақты саясатын жүргізуге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты ретінде әзірленген.