Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев ғылыми медициналық орталықтардың басшыларымен кездесу өткізді

11 қазан 2017, 18:15
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің жетекші ғылыми медициналық орталықтарының директорларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында республикада медициналық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары талқыланды. Соның ішінде, онкологиядағы персонализацияланған медицина артықшылықтары, білім, ғылым және клиникалық практиканың бірігуі, сондай-ақ, Қазақстандағы биомедициналық зерттеулер келешегі қаралды. 

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Ю. Пя, А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы Б. Баймаханов, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институттың директоры  Д. Қайдарова, Семей қ. мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Е. Жүнісов ағымдағы жағдай, клиникалық зерттеулер жүргізу тәжірибелері мен қазақстандық медицина алдында тұрған міндеттер туралы баяндамаларымен таныстырды.

Анықтама:

Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің инфрақұрылымы 22 ғылыми-зерттеу ұйымынан (16 ғылыми орталық, 6 ғылыми-зерттеу институты), 6 медициналық ЖОО-дан, 2 дипломнан кейінгі білім беру ұйымы мен көпбейінді университеттер (Қ. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) құрамындағы 2 факультеттен тұрады.

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті базасында 2 ғылыми молекулярлы-генетикалық зертхана жұмыс істейді.

2016 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның хаттамасымен «Өмір және денсаулық туралы ғылым» атты ғылымның даму басымдығы бекітілді. Министрлік аталған ұлттық бастама аясында 2017-2019 жылдарға арналған салалық басымдықтарды анықтады.  

Бүгінгі таңда медициналық ғылым мен білім беру ұйымдарында ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қордың, UNODS, UNFPA, UNICEF, CDC, Еуропалық одақтың қатысуы мен қолдау көрсетуімен 260-тан астам ғылыми-техникалық бағдарлама мен жоба жүзеге асырылып жатыр.