Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2022 жылға дейін елімізде 300 мыңға дейін жаңа жұмыс орны ашылады — Д. Абаев

04 желтоқсан 2017, 15:04
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет отырысында қаралған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының Қазақстанға берер пайдасы туралы брифинг барысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, «Зерде» ҰАКХ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев, қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов айтып берді.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында 12 мақсатты индикатор қарастырылған. Ең бастыларының бірі — әртүрлі салаларда 2022 жылға қарай 20%-дан 30%-ға дейін өсетін еңбек өнімділігі. 2022 жылға қарай жалпы бөлшек сауда көлемінде электронды сауда үлесі 2,6% құрайды. Осы кезеңде цифрландыру есебінен 300 мыңға дейін жұмыс орны ашылады. Электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінің 80%-на дейін өседі. 80-нен астам пайызға халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі артады.

Бизнеске бағдарламаның пайдасы мен артықшылықтары туралы Руслан Еңсебаев баяндап берді. Оның айтуынша, шағын және орта бизнес цифрландыруды енгізуден үлкен пайда көреді. Бағдарламада ШОБ-ты ынталандыру шаралары, кәсіпкерлікке өз бетімен жұмыс істейтіндерді және шағын кәсіпкерлерді тарту қарастырылған. ШОБ-ке қызмет көрсетудің Бірыңғай терезесін құру да белгілі-бір қолайлы жағдайлар жасайды. Шағын кәсіпкерлер үшін АТ құралдарының негізгі пакеті жасалды және т.б.

Кедендік бақылау мен салық саласын цифрландыру аясында «Блокчейн технологиясын қолдану арқылы ҚҚС әкімшіліктендіру» жобасын енгізу жоспарланып отыр.

Арғын Кыпшақов жаңа технологияларға негізделген орталықтандырылмаған базаны қалыптастыру салық төлеушілердің қаржы операцияларының тізбегін жылдам қадағалауға және оларға ҚҚС кепілдендірілген қайтарымын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Блокчейн технологияларын пайдалану мыналарды:

  • «сұр» сызбаларды пайдалану мүмкіндігінің болмауын;
  • жанама салықтарды басқарудың қарапайымдылығын;
  • салық төлеушілерге есепке алу мен есеп берудің оңайлығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда Қаржы министрлігі «ИТП» ДКҚ-мен бірлесіп, ҚҚС әкімшіліктендіру әдістемесін әзірлеу және блокчейн технологияны қолдану арқылы ақпараттық жүйеге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу бойынша жұмыстарын бастады.

«Алдағы жылдың қыркүйек айына дейін ол толықтай дайын болады, ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүйеге көшу жоспарланып отыр», — деп журналистердің блокчейн технологияларын енгізу мерзімі туралы сұранықтарына жауап бере отырып, А. Қыпшақов сөзін түйіндеді.

1/2
2/2