Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

07 желтоқсан 2017, 14:21
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Ұлттық комиссияның алдыңғы отырысының қорытындысы бойынша құрылған, төрт арнайы жұмыс тобының құрамы мен жұмыстарының жоспары талқыланып, бекітілді. Атап айтқанда, орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және сараптамалық-техникалық жұмыс топтары құрылды, олар латын графикасын білім жүйесіне біртіндеп енгізудің ережелері мен әдістерін әзірлейді, тілдің терминдік қорын жүйелейді, сондай-ақ, латын графикасын АТ-технологияларға және ақпараттық кеңістікке бейімдеумен айналысады. Бұдан өзге, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ғылыми-әдістемелік орталықты құру мүмкіндігі қарастырылды.

Ұлттық комиссия жұмысының бағыттары бойынша «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммед, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР ПӘ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Д. Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Мамыраев, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е. Қажыбек, Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Н. Әміржанова, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Ж. Әлімхан, «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы» төрағасының кеңесшісі Е. Сайыров және т.б. сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия — биыл қараша айында құрылған Үкімет жанындағы сабағаттық-кеңесші орган.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен комиссия құрамына: төраға орынбасары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары, ЖОО өкілдері, танымал ғалымдар және қоғам қайраткерлері кірді.

Шаралар жоспарына сәйкес, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жоспарланған. Бірінші кезең 2018–2020 жылдарды, екінші кезең — 2021–2023 жылдарды, үшіншісі — 2024–2025 жылдарды қамтиды.

1/7
2/7
3/7
4/7
5/7
6/7
7/7