Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Наталья Пан ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды

29 желтоқсан 2017, 18:11

Үкімет қаулысымен Пан Наталья Виссарионовна Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Наталья Пан 1979 жылы Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2016 жылы – Колумбия университетін (АҚШ) тәмамдаған. Мамандығы бойынша – халықаралық заңгер, экономист.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

1999–2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, құқықтық сараптама бөлімі бастығының орынбасары, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жаппай оқыту қызметтерін атқарған.

2003–2008 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің кеңесшісі, аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі болып қызмет атқарған.

2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болып еңбек еткен.

2012–2014 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төраға орынбасары лауазымын атқарған.

2014–2016 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап – ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры қызметін атқарған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.